Салих әл-Фаузан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұсылман ғалымдарыҮлгі:Ғалым Салих ибн Фаузан ибн Абдуллаһ әл-Фаузан (Үлгі:Lang-ar) (1933) - әш-Шәмасия әулетінің әл-Фаузан отбасынан шыққан мұсылман ғалымы. Сауд Арабиясының Үлкен Ғалымдар кеңесінің, Ислам Зерттеулері мен Пәтуа берудің Тұрақты Комитетінің (әл-Ләджнә әд-Даима) мүшесі, Ислам тақырыбына арналған кітаптардың, жолдаулар мен пәтуалардың авторы. "Нур алә дарб" радиобағдарламасында сұрақтарға жауап берумен айналысып, Мутғиб ибн Абдуль-Азиз атындағы мешіттегі имам, хатыб және оқытушы қызметін атқарады.

Жастық шағы

Шейх әкесінен жастайынан айырылып, отбасының басқа мүшелерімен тәрбиеленеді. Жергілікті мешіттің имамы Хамуд ибн Сүлеймен әт-Тәләлдан оқу мен жазуды үйреніп, Құранды толығымен жаттап бітіреді. 1948-ші жылы Шәмасия қаласында ашылған мемлекеттік мектепте оқиды. Сосын Файсалия медресесінде оқуын жалғастырып, оқуды аяқтағаннан кейін сонда мұғалім болып жұмыс істейді. 1952-ші жылы жаңадан ашылған Бурайда қаласындағы ғылыми институтқа оқуға түсіп, 1956-шы жылы бітіреді. Содан кейін Эр-Рияд қаласындағы Мұхаммед ибн Сауд атындағы Университеттің шариғат факультетіне оқуға түсіп, 1960-шы жылы оны тәмамдайды.

Жұмыс орындары

Оқуды аяқтағаннан кейін Эр-Риядтағы институтта мұғалім болып жұмыс істеп, содан кейін Шариғат факультетіне аударылады. Сосын Дін Негіздері (Усуль әд-дин) факультетіндегі Бас Ғылымдар Бөліміне ауысады. Одан кейін Жоғарғы Әділет Сотының басшысы болып тағайындалып, басшылық қызметі аяқталғаннан кейін сол жерде оқытушы қызметін атқарады. Аз уақыттан кейін Ислам зерттеулері мен Пәтуа беру Тұрақты Комитетінің мүшесі болып тағайындалады.<ref>Ajurry.com сайтындағы шейх Салих әл-Фаузанның биографиясыҮлгі:Ref-ar</ref><ref>Шейх әл-Фаузанның қысқаша өмірбаяныҮлгі:Ref-ru</ref>

Ұстаздары

Шейх әл-Фаузан көптеген атақты ғадымдардың алдында білім алды. Олардың ең атақтылары:

  • Шейх Абдуль-Азиз Ибн Баз
  • Шейх Абдуллаһ ибн Хумәйд
  • Шейх Мұхаммед Әмин әш-Шинқити
  • Шейх Әбдурраззақ әл-Афифи
  • Шейх Салих ибн Әбдуррахман әс-Сукайти
  • Шейх Салих ибн Ибраһим әл-Буләйһи
  • Шейх Мұхаммед ибн Сабиль
  • Шейх Абдуллаһ ибн Салих әл-Хуләйфи
  • Шейх Ибраһим ибн Убәйд әл-Абд әл-Мухсин

және т.б.

Ғылыми еңбектері

  • "Тахқиқат әл-мардыя фил-мәбахис әл-фардыя" - магистрлік үшін жазылған мұрагерлік құқық туралы кітабы
  • "Ахкам әл-атғима фиш-шариға әл-исләмия" - докторлық диссертация үшін жазылған кітабы
  • "Маджмуғ әл-фатауа фил-ақида уәл-фиқһ" - "Нур алә дарб" бағдарламасында берілген пәтуалардың жинағы
  • "Нақд китәб әл-халәл уәл-харам фил-ислам" - Юсуф әл-Қардауидің кітабына қарсы жазылған еңбек
  • "Шарх китәб әт-таухид" - Мұхаммед ибн Абдуль-Уәһһабтің "Китаб әт-тәухид" кітабының түсіндірмесі
  • "Муләххас әл-фиқһи" - фиқһ ғылымына арналған кітаб
  • "Китаб әт-таухид" - таухид пен Ислами ақидаға арналған кітап

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Шейх әл-Фаузанның ресми сайты

Тағы қараңыз