Салиха Қожақова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Салиха Қожақова (1941 жыл 23 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1960 жылдан).

Жалпы мәліметтер

Салиха Қожақова 1960 жылында Қазақ академиялық драма театрының жанындағы студияны бітірген. Сол жылдан қазірге дейін Қазақ академиялық драма театрының актрисасы.

Қожақова 40-тан астам басты рольдерді (М.Әуезовтің "Қара қышлақ Қобыландыда" Қарлыға, "Абайда" Мағыш, "Түнгі сарында" Мөржан, т.б.) орындады. Сондай-ақ, "Менің атым Қожа", "Ән қанаты", "Шоқан Уәлиханов" көркем фильмдеріне түскен. Гастрольдік сапармен Қазан, Уфа, Ресейде және Қазақстан қалаларында болып өнер көрсеткен.

Марапаттары

  • "Театр көктемі" театр фистивальінің бірнеше мәрте жүлдегері.
  • "Еңбек ардагері" медальі;
  • 1998 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағымен марапатталған.
  • 2011 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 20 жыл" медальі;
  • 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медальі;

Жеке қасиеттері

Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Д.А. Қонаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Даму мен өркендеу». Хоббиі - тоқыма тоқу, тамақ пісіру. Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия.

Жеке өмірі

  • Жұбайы: актер, ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі, марқұм, Жайсаңбаев Есболған Ботабайұлы (1940-1983жж).
  • ¥лдары - Мұхтар (1962 ж. т.), мұғалім; Шыңғыс (1965 ж. т.), инженер; Нарлан (1975 ж. т.), офицер.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub