Саййид

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саййид - көсем, мырза, басшы. Исламға дейінгі Арабияда тайпа ақсүйектерінің өкілі, тайпа көсемі. Мұсылмандық діни атаулардың ең ерте қалыптасу кезеңі көрініс тапқан. Құранда Саййид Исламға дейінгі дәстүрлі мағынасында, соның ішінде әлеуметтік атаулар қатарында, сонымен бірге Йехйа (Жақия) - «сабырлы мырза жәнетақуалардан шыққан Пайғамбар» туралы мағынада қолданылады. Саййид атауының мағынасы хадистерде де тұрақсыз. Олар, бір жағынан, адамға байланысты «мырза», «тәңірі» атауын ұсынса, екінші жағынан Саййид -тек Аллаһ қана болғандықтан Пайғамбар (Саййида.у.) өзін Саййид деп атауға тыйым салғанын хабарлайды. Бұл жағдайда хадистерде әлеуметтік ортадағы билік бағыныштылық қатынастарының әртүрлі қырларын танытуға байланысты дәстүрлі мағынасы. Ауыспалы мәні Саййид атауы кең сақталып келген. Саййид атауы шииттік насихаттың нәтижесінде бірте-бірте Пайғамбар ұрпақтарына, әсіресе оның Мұхаммедтің немересі әл Хұсейннен тарайтын бұтақтарына көбірек қосылып айтылатын болды. Олар мұсылман қауымының әлеуметтік иерархиясында ерекше артықшылықтар берілген топты құрап, діндарлар арасында үлкен беделге ие болды. Айналасындағы адамдар саййидты, көбінесе «әулие» санады. Уали - әйелдерге саййидта немесе ситти атауы қосылып айтылады. Саййид атауы мұсылман илеушілерінің атақтарында кеңінен қолданылады. Бұл Пайғамбармен туыстыкқа деген дәмеге, сол сияқты атаудың Исламға дейінгі мәнінің сақталып қалуына да байланысты, мұны X - XI ғ-ларда Испанияда мұсылман билеушілердің атақтарына қосудан, Бахрейнде карматтар мемлекетінде ақсақалдар кеңесінің алты мүшесін (X ғ.) және Маскат сұлтандығының билеушілерін (XVIII ғ-дың соңында) сұлтандар деп атаған атауларынан да кездестіруге болады. Бірқатар мұсылман елдерінде Саййид институты қазіргі кезде де сақталған. Йеменде кейінгі уақытқа дейін саййидқа дәстүрлі әлеуметтік иерархияның ең жоғарғы топтары кіріп, мәртебелі діни және саяси беделге ие болды, олар тайпалардың өзара дауларында үштік сот қызметін атқарды. Саййид сөзі «мырза» деген бейтарап мағынасында да кеңінен қолданылады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub