Сабырхан Асанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сабырхан Асанов (1937, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы Иіркөл ауылы — 17.08.1996, Алматы) — ақын.

ҚазМУ-ді бітірген (1960).

Шығармашылық қызметін Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы “Кировшылар үні” газетінің жауапты хатшысы болып бастады.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Ұзақ жылдар “Социалистік Қазақстан” газеті, “Жұлдыз” журналы, “Қазақ әдебиеті” газеті редакцияларында қызмет атқарды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Асановтың алғашқы өлеңдері “Оңтүстік Қазақстан” облысы газетінде жарық көрді.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.</ref>

Ақынның “Тұңғыш кітап” (1963), “Алматым менің жас шағым” (1968), “Ленинге барғанда” (1970), “Шолпан” (1974), “Ақбота” (1976), “Қоштасқым келмейді” (1978), “Бақытымды жырлаймын” (1980), “Қызғалдақ күндер” (1981), “Сағындырған көктем” (1983), “Сағынамын” (1986), “Көктемнің шуақты күндері” (1987), “Елу көктем” (1990) жыр жинақтары жарық көрген.

А. Байрон, Тоқтағұл, Я.Купала, Ф.А. Файз, С.Данилов, Р.Ғамзатов, И.Абашидзе, Е.Евтушенко сынды ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Ақын өлеңдері орыс, неміс, латыш, татар, башқұрт, якут, қырғыз т.б. тілдерге аударылған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}