Рымкеш Омарханова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Рымкеш Омарханова (1939 жыл 30 қазанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Сарытау ауылында туған) — актриса. Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1982). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы.

Жалпы мәліметтер

1959 - 1962 жылдары Қарағанды қаласындағы музыкалық училищеде оқыды. 1962 - 1963 жылдыры Қарқаралы ауданы мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, 1963 - 1990 жылдары Қарағанды облысы драма театры, ал 1991 жылдан Астана калалық музыка-драма театрында актриса. Оның ойнаған рольдері қатарында Еңлік, Шолпан, Ақбала, Текті, Мөржан, Сәруар (М.Әуезовтің "Еңлік- Кебек", "Айман - Шолпан", "Қарагөзі" мен "Түнгі сарынында"), Баян, Күнікей, Мақпал, Дәмелі (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуы" мен "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Қарлығаш (Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абайында"), Бәс-тес, Қалиса (С.Мұқановтың "Мөлдір махаббаты" бойынша), Майра (Ә.Тәжібаевтың осы аттас драмасында), Хадиша (С.Жүнісовтің "Қысылғаннан қыз болдығында"), Салиха, Зейнеп (Д.Исабековтің "Мұрагерлері" мен "Ескі үйдегі екі кездесуінде"), Таңқа-бике (М.Кәрімнің "Ай тұтылған түнінде"), Катерина (А.Н. Островскийдің "Найзағайында"; 1977), т.б. бар. Гастрольдік сапармен Қарақалпақстан (1978, 1989) мен Башқортстанда (1996) өнер көрсетті. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Марапаттары

  • 1976 жылы «Құрмет белгісі ордені»
  • 1982 жылы "Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі" құрметті атағы берілді.
  • 1984 жылы КСРОның "Еңбек ардагері" медалі;
  • 2014 жылы ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз қолынан «Құрмет ордені» мен марапаттады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub