Рокуэлл Кент

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Rockwellkent.jpg
Рокуэлл Кент

Рокуэлл Кент (1882 жыл 21 маусым, Тарритаун, Нью-Йорк (штат) - 1971 жыл 13 наурыз, Платтсбург, Нью-Йорк (штат), 89 жыл) - американ суретшісі, жазуышысы, қоғам қайраткері.

Өмірі

Роберт Хенриден сабақ алған. Балықшы, ағаш шебері болып жұмыс істеді. АҚШ-та, Ньюфаундлендте, Гренландияда тұрды. Еңбекші халық пен күрескерлер өмірін бейнелейтін «Теңіз еңбеккерлері» (1907, Нью-Бритендегі музей), «Көктемгі безгек» (1908, Мәскеу, А.С.Пушкин атындағы бейнелеу өнері музейі) т.б. көптеген сурет, гравюралардың авторы. Кент шығармашылығы американ реалистік өнері дәстүрін дамыта түсті. Антифашистік плакаттар мен карикатуралар салды. Американдық, батыс-еуропалық, орыс авторларының шығармаларын көркемдеді. Оның еңбектері дәл әрі нақты орындалып, қуатты колоритке құрылуымен ерекшеленеді. 1960 жылы кеңес халқына 900-ден астам шығармасын сыйлады.

Марапаттары

КСРО Көркемсурет академиясының құрметті мүшесі (1962). 1967 жылы «Халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайтқаны үшін» Халықаралық Лениндік сыйлықты алды. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>