Ньюфаундленд

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Shoal Bay.jpg
Ньюфаундленд жартасты жағалауы

Ньюфаундленд (Үлгі:Lang-en) — материктен бөлінген арал, ол орасан зор көлемдегі материктік тайыз жағалауда жатыр. Осы тайыз жерлердін бедерінен өзен аңғарлары айқын байқалады. Мұның өзі бұл жерлерді бұдан біршама уақыт бұрын мұхит суы басқанын көрсетеді. Ньюфаундлендтің төңірегінде теңіз түбінің едәуір жоғары көтерілген учаскелері — банкалары бар. Олардың ішіндегі неғұрлым белгілісі — аралдың оңтүстік-шығысына таман жатқан Үлкен Ньюфаундленд банкасы. Ол өзге банкалармен қоса есептегенде шамамен Ньюфаундлендтің өзі көлеміндей жерді алып жатыр деуге болады.

Арал түгелдей дерлік биіктігі 400—600 м келетін дөңес үстірт болып табылады. Ол Аппалач тау жүйесінің бір белігі ретінде байырғы кристалл тау жыныстарынан тұрады. Аралдың ең биік бөлігі — Лонг-Рейндж тауы, оның биіктігі 800 метрге жетеді.