Робинзон Крузо (роман)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox book «Робинзон Крузо» - Даниэль Дефо романы.

1719 ж. Лондонның әдеби өмірінде бір ғажап оқиға болды: дүкендерге Даниель Дефоның «Робинзонның өмірі және таңғажайып хикаялары» атты романы түсті. Кітаптың құны ер адамның костюмі немесе жылқының жарты бағасымен бірдей болса да, оны тез арада сатып алды. Сол кезден үш ғасыр өтсе де, Робинзонның тарихы әлі күнге дейін оқырмандарды қызықтырады. Ал Робинзонның таңғажайып тарихының реальдық деректі негізі бар екенін көп адамдар біле бермейді.

Сурет:Robinson.Crusoe.island.jpg
Крузо аралы, "Үмітсіз арал" романдағы оқиға көрінісі

Даниэль Дефоның ең жақсы романының жазылуына себеп болған шотландық моряк Александр Селькирктің өмірінде болған оқиға. Жастайынан теңізді сүюші Александр Селькирк қарақшылардың кемелерінде матрос болып жүрген. 1704 ж. қазан айында Селькирк капитанмен ұрысып, Мас-а-Тьерра аралында қалады. Сол аралда Селькирк 4 жыл 4 ай тұруға мәжбүр болады. Дефоның кейіпкері аралда 28 жыл өмір сүрді.

Қазақша аудармасы

Үлгі:Инфобокс{{#if: ||}} Робинзон Крузо2011 жылы Астана қаласы «Аударма» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Даниэль Дефо, орыс тілінен аударған Қ. Өтеғұл, ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комиметі «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды. Беттер саны — 280.<ref>«bookchamber.kz» сайтындағы кітаптар базасы</ref>

Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасынан тіркелу кезінде берілген ISBN нөмірі — 9965-18-350-3.<ref name=ISBN />

Қысқаша мазмұны

Үлгі:Quotation

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>