Репродуктивті жүйе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Репродуктивті жүйе немесе Көбею жүйесі — көпжасушалы тірі ағзалардың (жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және т.б.) жыныстық көбеюіне жауапты жүйе.

Ағзаның басқа жүйелеріне қарағанда репродуктивті жүйе еркек дара мен ұрғашы дара арасында көбіне қатты ерекшеленеді<ref name=Adam>Reproductive System 2001 Body Guide powered by Adam</ref>. Кейбір биологиялық белсенді заттар (гормондар және феромондар) жануарлардың репродуктивті жүйесінің жұмысына қатты әсер етеді.

Омыртқалардың репродуктивті жүйелері көбіне жалпы бір-біріне ұқсас:

  • жыныстық бездері (гонадалар)
  • арнайы шығарушы жолдар (VAS efferens және oviducts)
  • сыртқы жыныс мүшелері

Жыныстық көбеюге екі – аталық және аналық организмі қатысады. Жыныс сыртқы белгілерімен, сондай-ақ жыныс жүйесінің құрылысы бойынша ерекшеленеді. Жыныс мүшелері: аналық без – жұмыртқа жасушасын, ал аталық без сперматозоидтер түзеді. Жыныс жасушаларында хромосомалар жиынтығының жартысы бар, олар қосылып зигота түзгенде, хромосома жиынтығы екі еселеніп 46 болады.<ref name="source1">Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» баспасы, 2008. ISВN 9965-36-557-1</ref>

Аталық жыныс жүйесі

Сурет:Male anatomy blank.svg
Аталық жыныс жүйесі

Аталық жыныс жүйесі қосалқы бөлімдері бар аталық безден, шәует шығаратын түтік, жыныс мүшесі және басқа бездерден, олардың ішіндегі ең ірісі – қуық асты безінен тұрады. Бездер шәует сұйықтығын түзеді. Аталық жыныс жасушасысперматозоид ірі ядросы бар бас, мойын және ұзын құйрықшадан тұрады. Сперматозоидтер аталық ұрық безінің қосалқы бөлімдерінде жиналады да, қуық асты безінен бөлінетін шәуетпен араласып, зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады.<ref name="source1"/>

Аналық жыныс жүйесі

Аналық жыныс жүйесі сыртқы және ішкі мүшелерден тұрады. Ішкі жыныс мүшелеріне аналық без, жатыр түтігі, жатыр және қынап жатады. Аналық жыныс жасушалары – жұмыртқа жасушалары аналық безде түзіледі. Бұл – мөлшері үлкен (150 мкм), қозғалмайтын жасуша. Оны жатыр түтігімен тербелмелі эпителий жылжытады. Жұмыртқа жасушасының дамуы 27–28 тәулікке созылады. Жұмыртқа жасушасы жетілгенде, құрсақ қуысына, одан жатыр түтігіне түседі. Осы жерде тербелмелі эпителий арқылы жатырға бағытталады.Жұмыртқа жасушасының дамуы 27-28 тәулікке созылады.<ref name="source1"/>

Дереккөздер

<references/>