Рахымбек Омарұлы Төлендинов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рахымбек Омарұлы Төлендинов 1950 жылы 10 наурызда Алматы облысының Үштөбе қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Төлендинов Омар, марқұм, ҰОС ардагері, ҚазКСР құрметті теміржолшысы. Анасы - Байтілеуова Кұтыш, теміржол ауруханасының медбикесі болып жұмыс істеген.

  • Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының спорт факультетін бітірген (1972), спорттық гимнастика бойынша жаттықтырушы-оқытушы. Қазақ, орыс және неміс тілдерін біледі.
  • КОКП (1977), Қазақстан Компартиясының (1991 жылдан) мүшесі.
  • 1972 жылдан - Алматы облысы Қаратал аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы, оқу ісінің меңгерушісі, 1977 жылдан - мектеп директоры.
  • 1987 жылдан - Алматы облысы Қаратал білім беру бөлімінің меңгерушісі.
  • 1989 жылдан - Алматы облысы Қаратал аудандық партия комитетінің идеологиялық жұмыс жөніндегі бөлімінің меңгерушісі.
  • 1991 жылдан - Апматы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектебінің директоры.
  • 2010 жылдан бері - Талдықорған қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры.
  • Алматы облысы Қаратал аудандық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1987-1991).

Ауыр атлетика бойынша Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Филимонов Сергейді; Әлем кубогының бокс бойынша күміс жүлдегері Қанатов Төленді; Әлем кубогының бокс бойынша қола жүлдегері Айырмасов Мүратты тәрбиелеп шығарған.

  • ≪Дарын≫ республикалық ғылыми-тәжірибелік сайысының жеңімпазы (1998).
  • ҚР Білім беру саласының озаты (1992).
  • ҚР Құрметті спорт қайраткері (2004).
  • ≪Ерен еңбегі үшін≫ медалімен (2008), ҚР Президентінің құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.

Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - ≪Біз экономикалық даму бойынша да, мемлекетіміздің демократиялық құрылымы бойынша да әлемнің үздік 50 мемлекетінің қатарында лайықты орынға иө боламыз деп есептеймін≫. Хоббиі - музыка, кітап оқу, балет, спорт. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи, классикалық әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Есімжанова Раушан Рафихқызы, ≪Айналайын≫ Талдықорған балалар үйінің бас бухгалтері. Қызы - Төлендинова Жұлдыз, экономист. <ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub