Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рабиға Сұлтан Бегім Кесенесі– ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші (15 ғ.). Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің Оңтүстік-шығысында 60 м жерде. Әмір Темірдің немересі, Ұлықбектің қызы, Әбілқайыр ханның әйелі, белгілі хандар Көкенші мен Сүйініштің анасы Рабиға Сұлтан Бегімге арнайы салдырылған. Бұл кесененің құлыптасы Қожа Ахмет Йасауйдың кесенесінен табылған.Құлыптаста Бегімнің Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екендегі,1485 жылы қаза болғандығы жазылады.Алғашында 8 бұрышты бір камералы, цилиндр тәріздес барабанға бекітілген биік күмбезі бар құрылыс ретінде салынып, кейіннен көп камералы шаршы жоспарлы құрылыстармен толықтырылған. Кесене өте үлкен архитектор кешен. Оның құрамына 5 үлкен бөлме кіреді. Кесененің қас беті сүйір ұшты биік арка түрінде жасалған, 8 бұрышты залы және осы залға жапсарлас салынған ұзынша келген тікбұрышты 2 үй-жай бар. Кесененің айналасынан табылған майоликалық және глазурланған тақтайшаларға қарап, оның полихромды қаптамамен қапталғанын көруге болады. Кесененің Оңтүстік-шығыс бөлігінде жерасты қабірханаға кіретін есік бар. Қабірхана сыланып, боялған. Онда терімен қапталған ағаш табыттар қойылған. Рабиға Сұлтан Бегімнің табытында – «бұл құдыретті Әмір Темір Көрегеннің ұлы, азапты ажалдан қаза тапқан, құдыретті, ұлы сұлтан Ұлықбек Гураганның қызы, ақсүйек, (құдай) кешіріп, рақымшылық жасаған, ізгі жасанды Рабиға Сұлтан Бегімнің тыныштық тауып жатқан жері» деген жолдар бар. Кесене түркістандық жергілікті архитектор дәстүр негізінде салынған алғашқы кесене ретінде өте маңызды. 1980 жылдан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}