Пульпит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пульпит — тіс ұлпасының қабынуы. Тіс жегісі асқынып, микробтардың ұлпаға енуінен болатын дерт. Тіс өте қатты ауырып, мазаны алып, кесел үшкіл нерв, бойымен үдеп, бас, құлақ, самай тұстарын қақсатады, түнгі ұйқыдан қалдырады. Аурудың жедел, созылмалы және асқынған созылмалы түрі де кездеседі.

  • Тіс ұлпасыньгң жедел толық қабынуы. Бұл жағдайда тіс тоқтамай ауырып, зардабы бас, құлақ, мойынға тарайды. Науқас қай тісінің ауырып тұрғанын дәл көрсете алмайды. Бұл жағдайда зонд және электр тогымен тексергенде тіс ұлпасының толық бүлінгенін көруге болады.
  • Тіс ұлпасының жедел ірің- деп қабынуы. Тіс солқылдатып, тоқтаусыз ауырып, самай және жақ тұстарына тарап, тек суық судан ғана сәл-пәл тынышталады. Тісті тықылдатып көргенде ауырғаны байқалады. Тіс қуысын ашып іріңін тазаласа, ауырғаны басылады.
  • Тіс ұлпасының фиброзды созылмалы қабынуы. Тексеріп қарағанда терең тіс жегі қуысы көрінеді. Беті ашылған ұлпаны зондпен шұқығанда ауруды сезеді. Кейде ұлпа жұмсарғаи дентин астынан көрінбейді. Мұндаң пульпит салыиған пломба астында да болып суықтан гөрі ыстыққа төзімділігі өзгере түседі, яғни ауырғаны айқын біліне бастайды. Электрге сезімталдық әр алуан түрлі болады
  • Тіс ұлпасының ұлғайып созылмалы қабынуы. Тіс жегі қуысына ас қалдығының жиналуынан тіс ткані ауырады. Байқап қарағанда ұлпа ерекше ұлғайып, томпайып кариес қуысын толтырады. Зондпен тексергенде ұлғайған ұлпа ауырған мен қоймай қанағыш келеді.
  • Ұлпаның өлі еттеніп, шіріп созылмалы қабынуы. Кейде тіс ауырмай, кейде ыстық тамақ ішкенде ауырады. Тіс сауытының ұл- пасын зондтап анықтағанда толық өлі еттенгені білінеді. Шіріген ұлпа тканьдерінен жағымсыз иіс шығады. Тіс түбірінің ұлпасын зонд арқылы тексергенде аздап тіршілік белгісі білінеді.
  • Ұлпаның созылмалы қабынуының асқынуы. Пульпиттің барлық түрлерінің асқынуы мүмкін. Ауру тіс сырқырап тоқтаусыз қатты ауырады. Сырқат адам ауру тісті дәл көрсете алмайды. Жақ, шүйде, самай тұстары сырқырап ауырады. Тіске тіс тигенде ауру үдей түсуі мүмкін. Егер тіс қуысы ашық болса диагноз қою қиындық келтірмейді ал егер ұлпа беті жабық болса сырқат жайында жиналған мәліметтерді ескеріп клиникалық зерттеу жүргізу қажет.

<ref>Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3</ref><ref>Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Medsci-stub