Үдеу
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үдеу (Ускорение) — нүктенің жылдамдығының мәні мен бағытының өзгеруін сипаттайтын векторлық шама.<math>\vec a = {d\vec v \over dt}</math>
- Абсолют үдеу (Ускорение абсолютное) — күрделі қозғалыстағы материялық нүктенің абсолют жылдамдығының мәні мен бағытының өзгеруін сипаттайтын векторлық шама. Абсолют үдеу — орын ауыстыру, салыстырмалы және кориолис үдеулерінің геометриялық қосындысына тең.
- Кориолис үдеуі (Ускорение кориолиса) — нүктенің салыстырмалы жылдамдығының, тасымалдау қозғалысының және тасымалдау жылдамдығының салыстырмалы қозғалысының әсерлерінен өзгеруін сипаттайды. Нүктенің кориолис үдеуі — бұрыштық жылдамдық пен тасымалдау қозғалысының жылдамдығының екі еселенген векторлық көбейтіндісіне тең.
- Салыстырмалы үдеу (Ускорение относительное) — салыстырмалы қозғалыстағы нүктенің салыстырмалы жылдамдығының өзгеруін сипаттайды.
- Салмақ күшінің үдеуі(Ускорение силы тяжести) — денеге әсер еткен салмақ күшінен туындайтын үдеу.
- Тасымалдау үдеуі (Ускорение переносное) — тасымалдау қозғалысындағы нүктенің тасымалдау жылдамдығының өзгеруін сипаттайды.
- Нүкте үдеуі - нүкте жылдамдығының өзгеру тездігін сипаттайтын және жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс өткен уақыт аралығына қатынасына тең физикалық шама.
- Жанама үдеу - нүкте үдеуін қүрайтын жанама аркылы траекторияға бағытталған.
- Қалыпты үдеу- нүкте үдеуін құрайтын қалыпты аркылы траекторияға бағытталған.
- Еркін түсу үдеуі - ауырлық күш кимылымен материапды нүктемен пайда болған үдеу.
- Бұрыштық үдеу - аралык уакытқа бұрыштык жылдамдықтың өзгеру қатынасы өзгеріс болған уақыт аралығында.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0</ref><ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:
Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6</ref>
Формуласы
- <math> a = {{v^2} \over {r}}</math>
- <math> \mathbf {a}= {-\omega^2} \mathbf {r}. </math>
- <math> \mathbf {s}= \mathbf {u} t+ {{1} \over {2}} \mathbf {a}t^2 = {{(\mathbf{u}+\mathbf{v})t} \over {2}} </math>
- <math>\mathbf{F} = m\mathbf{a} \quad \to \quad \mathbf{a} = \mathbf{F}/m</math>
Тағы қараңыз
Дереккөздер
<references/>