Педиплен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Педиплен (Үлгі:Lang-la - баурай, plain - жазық) — ертеде таулы-қыратты бедердің орнында болған педименттердің бір-бірімен қосылуы нәтижесінде қалыптасқан сәл еңіс, түгелдей денудацияға ұшыраған жазық; бірнеше педимент (қатты түп жыныстардан қалыптасқан) өңірлерден құралатын тау етегіндегі жазық; таулы алаптың көтерілу жағдайында эрозия мен денудацияның тау етегі шеттерін қазып отыруы арқылы пайда болған тау алды жазықтық.<ref>Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Бұл жазықтың бетінде алғашқы жоғары деңгейде қалған құламалы беткейлі оқшау таулар көтеріліп тұрады. Олар қазіргі жазықтың 10%-ын ғана қамтиды. Педиплен тым континенттік аридтік және семи-аридтік климатты аймақтарға (мысалы, Африканың шөлдері мен саванналарына) тән.

Педиплен құрлықтың шұғыл климат жағдайында физикалық үгілу (опырылым, сусыманың қалыптасуы) және нөсер жаңбырдың ағын суы, т.б. эрозия процестер нәтижесінде тау жыныстары беткейден етекке қарай ысырылып, таралуынан қалыптасады. Беті борпылдақ жыныстар қабатымен жабылған түп жыныстар жер бетіне шығып жатады; кейде мүжілген тау жұрнақтары түрінде болады. Педиплен Қазақстанда Мұғалжар, Доңызтау аумактарында кездеседі.<ref name="source2">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Ағылшын геоморфологы Кинг педипленді пенепленге қарсы қояды, өйткені пенеплендену (тегістелу) жер бетінің бір уақытта жоғары жақтан тозуынан болады да, ал педиплен беткейлердің «параллельді шегінуі» жағдайында өсіп отырады.<ref name="source1">Русско-казахский толковый географический словарь, 1966</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Тау алды кертпештері


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Педиплен|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}