Тау алды кертпештері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тау алды кертпештер — тау жүйесінің негізгі биік бөліктерін сатылана қоршап тұратын тік беткейлі, еңіс бетті, көп ярусты құрылым. Олар көтерілу жағдайындағы таулы алаптың шеттерінде педиплен түзілуінің нәтижееінде пайда болады. Таулы алаптың көтерілуіне байланысты тау алды жазығының жаңа бөліктері бірінен кейін бірі көтерілуге ұшырайды. Тау алды кертпештер тектоникалық айрылудың қатысынсыз тек таулы алқаптың үздіксіз, шапшаң көтерілу жағдайында пайда болады дейді В. Пенк. Ең жаңа ғылми деректер: тау алды кертпештер таулы алаптың ауықауың көтерілуі жағдайында, яғни тектоникалың айырылудың қатысуы мен созылуының нәтижесінде пайда болады деген ұғымға тоқталады.

Дереккөздер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub