Парагеосинклин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геосинклиндер мен платформалардың аралығына сәйкес келетін тектоникалық құрылым. Бұларды құрайтын түзілімдер әдетте платформалық сипатты иеленеді, алайда олар құрылым созылымына көлденең бағытта мейілінше өзгермелі болып келеді. Бұл түзілімдердің қалыңдығы жоғары (геосинклиндік кешендер сияқты) және мұндай қалыңдық құралым ауқымында біршама тұрақты сақталады. Парагеосинклиндік шөгінділер азынаулақ метаморфтық өзгерістерге ұшыраған. Бүгінгі таңда сирек қолданылатын термин.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}