Қалыңдық
Қалыңдық – 1) тұрмысқа шығатын бойжеткен; 2) дәстүрлі қазақ қоғамында – айттырылған қыз.
Ежелгі қалыптасқан дәстүр бойынша, қазақ жұртында отау тігу – құда түсіп, қалың мал беріп, үйлену арқылы жүргізілген. Жігіт үйленер алдында өзіне ұнайтын теңін іздестіреді (“қыз көру”, “жар таңдау”). Кейде оның ата-анасы атастыруы, ғұрыптық салтымен алдын ала қыздың әке-шешесімен келісуі де мүмкін. Екі жақ келісіп, құйрық-бауыр жесіп, баталасқаннан кейін қыз айттырылған немесе атастырылған болып саналады. Алдын ала қалың мал төленеді. Қ. атауы “қалың мал” сөзінен, яғни мал беріп әйел алуға байланысты шыққан. Келісілген мерзімде жастар міндетті түрде қосылатын болған. Қ-тың басқа адамға шығуына қатаң тыйым салынған.
Галерея
- Shinto married couple.jpg
Шинтодағы қалыңдық
- Muslim wedding in India.jpg
Үндістандық мұсылман қылыңдығы
- HinduBrideIndia.jpg
Ұлттық хинду дәстүрінде, Үндістан.
- Wed-dress-001.jpg
19 ғасыр аяғыдағы қалыңдық
- Scandinavia EthnicCostumes.jpg
Скандинавия қалыңдығы менmaid (bottom right)