Оқушылар қабілетін бағалаудың халықаралық бағдарламасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:PISA-Maths-2012.svg
PISA-2012 "Математика" нәтижесі бойынша жер шары картасы.
Сурет:PISA-Science-2012.svg
PISA-2012 "Ғылым" нәтижесі бойынша жер шары картасы.
Сурет:PISA-Reading-2012.svg
PISA-2012 "Оқу" нәтижесі бойынша жер шары картасы.

Оқушылар қабілетін бағалаудың халықаралық бағдарламасы — (ағыл:Programme for International Student Assessment,фр: Programme international pour le suivi des acquis des élèves, қысқаша PISA) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2000 жылдардан бері үш жылда бір ұйымдастыратын әлем елдері арасында 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеру мен бағалаудың халықаралық бағдарламасы.<ref>Үлгі:Cite book</ref> PISA бағдарламасының мақсаты білім берудің әдіснамасы мен нәтижесіне пайдалы әсер ету болатын. Аталған бағдарлама қазіргі әлемде оқушылар қабілетін тексеру мен бағалаудың ең ықпалды жобасы болып отыр.

Тексеру жүйесі

PISA жобасы тексерудің үш бағытының (матемтаика, ғылым, оқу) біріне айырықша мән беріп, үш жылдық кезеңмен жүргізіледі. 2012 жылы негізгі бағыт «математикалық сауаттылық» болды.

PISA зерттеуі 15 жастағы оқушылардың мектепте алған академиялық білімі мен тұрмыс, үйрену дағдысын тексеріп, өз білімі мен қабілетін түрлі өмірлік жағдайлар мен әлеуметік ауқымда тиімді қолдану қабілетін анықтауға бағытталған.

Қойылатын және көзделетін талаптар

PISA жобасының оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау басыңқылығы үш бағыт болйынша жүреді. Олар оқу біліктілігі, математика және жаратылыстану ғылымдарындағы біліктілік.<ref>Үлгі:Cite web</ref> PISA зерттеуінде ойлау, дәйектеу, мәселе (сұрақ) қоя білу және шеше білу, модельдеу, нәтижелерді ұсынудың түрлі әдістерін пайдалану секілді қабілеттер бағаланады. Осылайша, халықаралық емтиханға қатысушылардың оқу біліктілігі әрекеттің үш оқу-танымдық түрі бойынша анықталады. Олар жаңарту, қолдану және пайдалану.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Зерттеудің үш бағыты бойынша оқушылар сауаттылығын бағалау технологиясы - PISA жобасы қатысушылардың алған білімін қаншалықты экстраполяция (құбылыстың бір бөлігін байқаудан алғна қорытындыларды оның екінші бөлігінде қолдануға саятын ғылыми зерттеу әдіснамасы) жасап, оларды мектептен тыс қолдана алатынын, мәселелер туралы дербес ой жүгіртіп, өзіндің таңдау жасай алуын анықтауға мүмкіндік туғызады. Осы тұрғы заманауи экономикалық тұрмыста академиялық білімді жоғары кәсіби деңгейде қолданатын қоғамды қолдайтыны туралы айғақты көрсетеді.

Анықталатын деңгейлер

Функционалды сауаттылықты бағалау технологиясы әлемдегі 60-тан астам елдің 15 жастағы оқушыларын алты деңгейде анықтайды. Ең жоғарғы көрсеткіш 5- және 6- деңгей. Ол бойынша оқушы өз бетінше ойлау, талдау және өз болжамын ұсыну қабілеті. Сосын, 4- және 3- деңгей: жаңа ақпарат алу үшін бар білімі мен қабілетін қолдану мүмкіндігі. Сосын, 2- деңгей: қарапайым оқудан тыс жағдайда бар білімі мен дағдыларын қолдану мүмкіндігі. Сосын 1- деңгей: таяз білімнің төмендігі деңгейі мен тапсырмаларды табысты орындаудың аздығы.

Зерттеудің барлық үш бағыты бойынша қабілеттілік жиынтығы мен білімді қолдану мүмкіндігіне қойылатын нақты талаптар анықталған. Демек, PISA жобасы оқушыны сыни бағалау мен сындарлы ойлау моделіне жетелейді.

Маңызы

PISA-2012 халықаралық зерттеуінің мәліметтері 15 жастағы қатысушының функционалдық дайындық деңгейін салыстыруға мүмкіндік беріп қоймай, нақты факторлардың оқыту тиімділігіне тигізетін әсерін анықтауға да мүмкіндік береді. Зерттеу тест тапсырмаларын орындау табыстылығы қосымша фондық ақпаратпен бірге жүреді. Тек оқушыларға ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымының әкімшілігіне де сауалнама жүргізу PISA жобасына қатысушылардың жетістіктеріндегі өзгешелікті түсіндіруге мүмкіндік береді.<ref>Keeley B. PISA, we have a problem… OECD Insights, April 2014.</ref><ref>Poddiakov A.N. Complex Problem Solving at PISA 2012 and PISA 2015: Interaction with Complex Reality. // Translated from Russian. Reference to the original Russian text: Poddiakov, A. (2012.) Reshenie kompleksnykh problem v PISA-2012 i PISA-2015: vzaimodeistvie so slozhnoi real'nost'yu. Obrazovatel'naya Politika, 6, 34-53.</ref>

Бағалауды жүргізетін және бағалауға ат салысатын ұйымдар

PISA-2012 халықаралық жобасын іргелі халықаралық ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып Консорциум және ЭЫДҰ жүзеге асырады. Консорциумға сонымен қатар педагогикалық зерттеудің Австриялық Кеңесі (ACER), білім беру саласындағы зерттеулердің Жапония ұлттық институты (NIER) және Американдық ұйым (WESTAT) кіреді.

Қатысушылар

Бағалауға қатысатын баланың жасы 15 жас 3 айдан – 16 жас 2 ай аралығында болуы шарт етіледі. Нешінші сынып оқығаны маңызды емес. Сондай-ақ оқушылар өз үйінде емес, міндетті түрде академиялық білім беру орталығында (мектепте) оқитын болуы шарт. Әрине, әр елдің халық саны түрліше болғандықтан, бағалау қорытындысына белгілі бір қосымша факторлар әсер ететіні белгілі.

Өлшеу

Әр оқушыға 2 сағаттық жазбаша тапсырма орындатады. Сұрақтардың бір бөлігі таңдау сұрақтары, енді бір бөлігі толық жауап беру сұрақтары болады. Бүкіл тест мазмұнына 6 жарым сағат уақыт кетеді деп жоспарланған. Әрине, оқушыдан барлық сұраққа түгел жауап беру талап етілмейді. оқушылар қабілет тестінен өткен соң бір сағат шамасында жеке басын негіз еткен өздік сұрақтарға жауап береді, бүл көбінесе үйрену әдеті, ниеті мен жігері, отбасы жағдайы дегендей мазмұндарды қамтиды. Мектеп тарапы да бірбөлім сұрақтарға жауап береуі керек. Олар баланың түрлі нәтижелерін, қаржы көзі секілділерді айқындап беруі керек.<ref name=stanat2002pisa>Үлгі:Citation</ref>

Өткізілуі

2009 жылы 65 мемлекет пен районның 15 жастағы 470 мың оқушы бағалауға қатысты және 2010 жылы 50 мың оқушы бағалауға қатысты. <ref>Official PISA site data. For list See "Executive Summary"</ref>

Ал, KeyQuest статистикалық базасы халықаралық мәліметтер бойынша 2012 жылдары ЭЫДҰ-ға мүше 34 елде және 31 серіктес елде 15 жастағы білімгер саны жалпы 28 миллион екенін анықтаған. Осылар ішінен PISA-2012 халықаралық бағалауына 15 жастағы 510 мың оқушы қатысты.

Қазақстанда

Бағалауға қатыстыру үшін халықаралық сарапшылар 5948 Қазақстандық оқушыны іріктеп алған болатын. Олардың ішінен 218 білім беру ұйымдарынан (әр мектептен 35 оқушыдан) 5808 білімгер нақты қатысты. Тест барысында мектептен кетіп қалуға байланысты, денсаулыққа байланысты, басқа да себептерге байланысты 140 бала қатыспады. Зерттеуге қатысқандардың ең көп үлесі ОҚО және Алматы облыстарында болды (44 және 27 білім беру ұйымы).

Нәтиже (2012ж.)

Білімгерлер қабілетін бағалаудың халықаралық бағдарламасы бойынша мүше мемлекеттер рейтингісі (2012)
Математика Ғылым Оқу
1 Үлгі:Flagicon Қытай, Шанхай 613
2 Үлгі:Flagcountry 573
3 Үлгі:Flagcountry 561
4 Үлгі:Flagcountry 560
5 Үлгі:Flagcountry 554
6 Үлгі:Flagcountry, China 538
7 Үлгі:Flagcountry 536
8 Үлгі:Flagcountry 535
9 Үлгі:Flagcountry 531
10 Үлгі:Flagcountry 523
11 Үлгі:Flagcountry 521
12 Үлгі:Flagcountry 519
13= Үлгі:Flagcountry 518
13= Үлгі:Flagcountry 518
15 Үлгі:Flagcountry 515
16 Үлгі:Flagcountry 514
17 Үлгі:Flagcountry 511
18 Үлгі:Flagcountry 506
19 Үлгі:Flagcountry 504
20= Үлгі:Flagcountry 501
20= Үлгі:Flagcountry 501
22= Үлгі:Flagcountry 500
22= Үлгі:Flagcountry 500
24 Үлгі:Flagcountry 499
25 Үлгі:Flagcountry 495
26 Үлгі:Flagcountry 494
27 Үлгі:Flagcountry 493
28 Үлгі:Flagcountry 491
29 Үлгі:Flagcountry 490
30 Үлгі:Flagcountry 489
31 Үлгі:Flagcountry 487
32 Үлгі:Flagcountry 485
33 Үлгі:Flagcountry 484
34= Үлгі:Flagcountry 482
34= Үлгі:Flagcountry 482
36 Үлгі:Flagcountry 481
37 Үлгі:Flagcountry 479
38 Үлгі:Flagcountry 478
39 Үлгі:Flagcountry 477
40 Үлгі:Flagcountry 471
41 Үлгі:Flagcountry 466
42 Үлгі:Flagcountry 453
43 Үлгі:Flagcountry 449
44 Үлгі:Flagcountry 448
45 Үлгі:Flagcountry 445
46 Үлгі:Flagcountry 440
47 Үлгі:Flagcountry 439
48 Үлгі:Flagcountry 434
49 Үлгі:Flagcountry 432
50 Үлгі:Flagcountry 427
51 Үлгі:Flagcountry 423
52 Үлгі:Flagcountry 421
53 Үлгі:Flagcountry 413
54 Үлгі:Flagcountry 410
55 Үлгі:Flagcountry 409
56 Үлгі:Flagcountry 407
57 Үлгі:Flagcountry 394
58 Үлгі:Flagcountry 391
59= Үлгі:Flagcountry 388
59= Үлгі:Flagcountry 388
61 Үлгі:Flagcountry 386
62= Үлгі:Flagcountry 376
62= Үлгі:Flagcountry 376
64 Үлгі:Flagcountry 375
65 Үлгі:Flagcountry 368
1 Үлгі:Flagicon Қытай, Шанхай 580
2 Үлгі:Flagcountry 555
3 Үлгі:Flagcountry 551
4 Үлгі:Flagcountry 547
5 Үлгі:Flagcountry 545
6 Үлгі:Flagcountry 541
7 Үлгі:Flagcountry 538
8 Үлгі:Flagcountry 528
9 Үлгі:Flagcountry 526
10= Үлгі:Flagcountry 525
10= Үлгі:Flagcountry 525
12 Үлгі:Flagcountry 524
13 Үлгі:Flagcountry 523
14= Үлгі:Flagcountry 522
14= Үлгі:Flagcountry 522
16= Үлгі:Flagcountry, China 521
16= Үлгі:Flagcountry 521
18 Үлгі:Flagcountry 516
19 Үлгі:Flagcountry 515
20= Үлгі:Flagcountry 514
20= Үлгі:Flagcountry 514
22 Үлгі:Flagcountry 508
23 Үлгі:Flagcountry 506
24 Үлгі:Flagcountry 505
25 Үлгі:Flagcountry 502
26 Үлгі:Flagcountry 499
27 Үлгі:Flagcountry 498
28 Үлгі:Flagcountry 497
29= Үлгі:Flagcountry 496
29= Үлгі:Flagcountry 496
31 Үлгі:Flagcountry 495
32= Үлгі:Flagcountry 494
32= Үлгі:Flagcountry 494
34= Үлгі:Flagcountry 491
34= Үлгі:Flagcountry 491
36 Үлгі:Flagcountry 489
37 Үлгі:Flagcountry 486
38 Үлгі:Flagcountry 485
39 Үлгі:Flagcountry 478
40 Үлгі:Flagcountry 471
41 Үлгі:Flagcountry 470
42 Үлгі:Flagcountry 467
43 Үлгі:Flagcountry 463
44 Үлгі:Flagcountry 448
45 Үлгі:Flagcountry 446
46= Үлгі:Flagcountry 445
46= Үлгі:Flagcountry 445
48 Үлгі:Flagcountry 444
49 Үлгі:Flagcountry 439
50 Үлгі:Flagcountry 438
51 Үлгі:Flagcountry 429
52 Үлгі:Flagcountry 425
53 Үлгі:Flagcountry 420
54 Үлгі:Flagcountry 416
55 Үлгі:Flagcountry 415
56 Үлгі:Flagcountry 410
57 Үлгі:Flagcountry 409
58 Үлгі:Flagcountry 406
59 Үлгі:Flagcountry 405
60 Үлгі:Flagcountry 399
61 Үлгі:Flagcountry 398
62 Үлгі:Flagcountry 397
63 Үлгі:Flagcountry 384
64 Үлгі:Flagcountry 382
65 Үлгі:Flagcountry 373
1 Үлгі:Flagicon Қытай, Шанхай 570
2 Үлгі:Flagcountry, 545
3 Үлгі:Flagcountry 542
4 Үлгі:Flagcountry 538
5 Үлгі:Flagcountry 536
6 Үлгі:Flagcountry 524
7= Үлгі:Flagcountry 523
7= Үлгі:Flagcountry 523
7= Үлгі:Flagcountry 523
10 Үлгі:Flagcountry 518
11= Үлгі:Flagcountry 516
11= Үлгі:Flagcountry 516
13= Үлгі:Flagcountry 512
13= Үлгі:Flagcountry 512
15 Үлгі:Flagcountry 511
16= Үлгі:Flagcountry, China 509
16= Үлгі:Flagcountry 509
16= Үлгі:Flagcountry 509
19= Үлгі:Flagcountry 508
19= Үлгі:Flagcountry 508
21 Үлгі:Flagcountry 505
22 Үлгі:Flagcountry 504
23 Үлгі:Flagcountry 499
24 Үлгі:Flagcountry 498
25 Үлгі:Flagcountry 496
26 Үлгі:Flagcountry 493
27= Үлгі:Flagcountry 490
27= Үлгі:Flagcountry 490
29 Үлгі:Flagcountry 489
30= Үлгі:Flagcountry 488
30= Үлгі:Flagcountry 488
30= Үлгі:Flagcountry 488
30= Үлгі:Flagcountry 488
34 Үлгі:Flagcountry 486
35 Үлгі:Flagcountry 485
36= Үлгі:Flagcountry 483
36= Үлгі:Flagcountry 483
38 Үлгі:Flagcountry 481
39= Үлгі:Flagcountry 477
39= Үлгі:Flagcountry 477
41= Үлгі:Flagcountry 475
41= Үлгі:Flagcountry 475
43 Үлгі:Flagcountry 463
44 Үлгі:Flagcountry 449
45 Үлгі:Flagcountry 446
46 Үлгі:Flagcountry 442
47= Үлгі:Flagcountry 441
47= Үлгі:Flagcountry 441
47= Үлгі:Flagcountry 441
50 Үлгі:Flagcountry 438
51 Үлгі:Flagcountry 436
52 Үлгі:Flagcountry 424
53 Үлгі:Flagcountry 422
54 Үлгі:Flagcountry 411
55 Үлгі:Flagcountry 410
56 Үлгі:Flagcountry 404
57 Үлгі:Flagcountry 403
58 Үлгі:Flagcountry 399
59 Үлгі:Flagcountry 398
60= Үлгі:Flagcountry 396
60= Үлгі:Flagcountry 396
62 Үлгі:Flagcountry 394
63 Үлгі:Flagcountry 393
64 Үлгі:Flagcountry 388
65 Үлгі:Flagcountry 384

Үлгі:-

Орталығының ақпарат көздері

  • OECD/PISA website
    • OECD (1999): Measuring Student Knowledge and Skills. A New Framework for Assessment. Paris: OECD, ISBN 92-64-17053-7 [1]
    • OECD (2001): Knowledge and Skills for Life. First Results from the OECD Programme for International Student Assessment (PISA) 2000.
    • OECD (2003a): The PISA 2003 Assessment Framework. Mathematics, Reading, Science and Problem Solving Knowledge and Skills. Paris: OECD, ISBN 978-92-64-10172-2 [2]
    • OECD (2004a): Learning for Tomorrow's World. First Results from PISA 2003. Paris: OECD, ISBN 978-92-64-00724-6 [3]
    • OECD (2004b): Problem Solving for Tomorrow's World. First Measures of Cross-Curricular Competencies from PISA 2003. Paris: OECD, ISBN 978-92-64-00642-3
    • OECD (2005): PISA 2003 Technical Report. Paris: OECD, ISBN 978-92-64-01053-6
    • OECD (2007): Science Competencies for Tomorrow's World: Results from PISA 2006 [4]

Сыртқы сілтемелер

  • PISA
    • OECD (1999): Measuring Student Knowledge and Skills. A New Framework for Assessment. Paris: OECD, ISBN 92-64-17053-7 [5]
    • OECD (2014): PISA 2012 results: Creative problem solving: Students’ skills in tackling real-life problems (Volume V) [6]
  • Interactive world map of PISA results
  • Teaching And Learning International Survey (TALIS)
  • Trends in International Mathematics and Science Study (TIMSS)
  • Gender gaps in mathematics and reading in PISA 2009

Бейнеқойылым

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер