Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ЕЭЫДҰ (Organіsatіon for Economіc Cooperatіon and Development, OECD) — халықаралық экономикалық ұйым. Еуропа елдерімен ынтымақтастықта Еуропаны қалпына келтіруге Американың экономикалық және қаржы көмегін оңтайлы пайдалану (Маршалл жоспары) мақсатымен 1948 жылы Парижде құрылған Еуропа экономикалық ынтымақтастық ұйымының мирасқоры. 1961 жылдан бастап Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы деп аталады. Мақсаты — мүше мемлекеттердегі қаржы тұрақтылығын сақтау арқылы, олардың экономикалық дамуын қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтуды жақсарту және тұрмыс жағдайын көтеру. <ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


Үлгі:Economy-stub