Ошақ майлау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қайтыс болған белгілі адамдарға ас беру ежелгі дәстүр. Бұған күні бұрын үлкен дайындық ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі, сауын айтылады. Ас болатын күннен бір-екі күн бұрын дайындық жайын тексеріп, қорытындылайтын мәжіліс болады. Бұл үлкен тойдың ақырғы, қорытынды сәті. Бұған арнайы бір мал сойылып, ас алдындағы шағын бір той өткізіледі. Той өткізушілер бірауызды болуға, ел намысын қорғауға шақырып, пәтуаласады. "Ошақ майлау" дегеніміз осы.

Дереккөздер

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.