Орталық және шет аймақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орталық және шет аймақ - тәуелділік теориясының негізгі түсінігі: орталық - жоғары дамыған капиталистік елдер Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия қауымдастығы; периферия - Латын Америкасының дамушы елдері.

Жоғары дамыған орталық елдері қазіргі ғылымға сүйенген ресурстық, еңбек және қуат жинақтаушы технологияларға негізделген экономикасымен ерекшеленеді (жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, өмір ұзақтығы, ұзақ мерзім пайдалануға жарайтын қымбатты әрі бағалы тауарлардың кең таралғандығы, ғылыми және мәдени инфрақұрылымның дамығандығы, халықтың сауаттылығы және білімділігі және т.б.); жетекші идеологиясы либерализм болып табылатын күшті мемлекеттер мен саяси демократияның болуы. Кенже дамыған шет аймақ артта қалған ресурстық, еңбек және қуат ысыраптаушы, "лас" технологияларға негізделген, әдетте, ауылшаруашылығына немесе шикізатқа бағдарланған экономикасымен; әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамудың төмен көрсеткіштерімен; авторитаризм мен мемлекеттік және мемлекеттік емес күш қолданудың жоғары деңгейімен, тұрақсыз демократиясымен; консфватизм мен клерикализм- мен боямаланған рухани өмірімен ерекшеленеді. Орталық елдері трансұлттық бірлестіктер, халықаралық экономикалық ұйымдар жөне халықаралық несие-қаржылық жүйенің көмегі арқылы жұмысшы күшін және шет аймақ елдерінің табиғи ресурстарын басыбайлы пайдаланады, олардың саяси және қоғамдық өміріне араласады. Шет аймақтар орталыққа бағынышты жағдайда болады әрі оның дамуы артта қалушылық пен кедейлікті өндіруден тұрады.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орталық және шет аймақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}