Орал алды дөндігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орал алды дөңдігі - Каспий маңы ойпатының шығысында орналасып, Орал тауы мен Мұғалжарға дейін созылып жатыр. Оңтүстігінде Үстіртпен шектеседі.

Геологиялық құрылымы

Құрылымы жағынан Каспий маңы синеклизасының шығыс жағын қамтиды, мұнда тұз тектоникасының белгілері жиі ұшырасады. Дөңдік өзінің беткі жазықтығында мезозойдың құмтастарынан, саздарынан және әксаздарынан құралған.

Жер бедері

Жер бедері жағынан төбелі-жонды денудациялық жазық болып табылады, солтүстік, батыс және оңтүстік бағыттарда күрт төмендейді, сондықтан да дөңдік (плато) деп аталады. Жайық, Қобда, Елек өзендерінің сол жақ салаларымен, ал оңтүстігінде Ойыл, Сағыз, Жем өзендерімен және олардың салаларымен тілімделген. Суайырықтың абсолюттік биіктігі дөңдіктің солтүстік-шығысындағы 350-300 м көрсеткіштен батысы мен оңтүстік-батысында 100-80 м көрсеткішке дейін бірте-бірте жайпақтала төмендейді. Ембі көтерілімі деп аталатын дөңдіктің оңтүстік бөлігі жыралармен кертпештене тілімденіп, ойпатты айқын шекара түрінде даралайды. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер