Каспий маңы синеклизасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Каспий маңы синеклизасыШығыc Еуропа платформасының оңтүстік-шығыс шетінде, Еділ, Жайық, Жем өзендерінің алқабында, Каспий теңізінің солтүстік шетін қамти орналасқан жазық ойыс. Батыс шегі Еділдің оң жағасымен, оңтүстік шегі Каспий жағалауынан Жем өзеннің сол жағасымен Мұғалжар бөктерінен, шығыста Орал тауының етегінен өтеді. Солтүстікте көптеген флексуралар арқылы Еділ-Орал және Воронеж антиклизаларына ұласады.
  • Ауданы 500 мың км² шамасында.
  • Платформаның кристалдық іргетасы кембрийге дейін қалыптасып қатпарланған тау жыныстардан құралған.
  • Тереңдігі 15 – 16 км. Іргетасты жалпы қалыңдығы 5000 м девон, карбон және пермь кезеңдерінің теңіз шөгінділері басқан. Олар, негізінен, әктастардан құралған. Бұл қабаттардан жоғары қалыңдығы 300 м-ге жететін күрделі құрылымды тұз күмбездерінен түзілген кунгур ярусының тұз шөгінділері орналасқан.
  • Барлық аймағында 1700-ден астам тұз күмбездері мен антиклиналь қатпарлар таралған.
    • Тұз күмбездерінің арасындағы ойыстарды жоғасыр пермь мен триастың қалыңдығы 6000 м-ге жететін қызыл түсті құмтас, саз қабаттары толтырған.
    • Одан жоғары қалыңдығы 3000 м-ге жуық юра, бор, палеоген, неоген кезеңдерінің құмайт-саз-мергельді теңіз шөгінділері жатыр.
    • Олардың үстін қалыңдығы 1000 м-ге жететін плиоцен-антропоген дәуірінің теңіз, көл, құрлық жағдайында түзілген құм-сазды жыныстары басқан.
  • Негізгі кен байлығы – пермь, тирас, юра, бор қабаттарының тұз күмбездерінде шоғырланған мұнай мен газ кендері.
  • Тұз күмбездері жер бетіне шыққан аудандарда Басқұншақ, Елтон, Индер, Шалқар көлдері пайда болған, олардан әр түрлі тұздар алынады. *Юра, бор жыныстарында фосфорит кездеседі.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Каспий маңы синеклизасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}