Операторлар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Операторлар – берілген жүйені сипаттайтын функцияны түрлендірудің математикалық түрлі операцияларын (алгебралық, дифференциалдық, интегралдық, т.б.) жасайтын математикалық өрнек.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Қолданылуы

Физикада әрбір динамикалық шамаға бір математикалық оператор сәйкестеледі. Операторлардың математикалық жолмен жан-жақты зерттелген түрі – Гильберт кеңістігіндегі сызықтық түрі. Мұндай сызықтық Операторлардың өздік мәні сол оператор сипаттайтын физикалық шаманың өзіне тең, ал оператордың өздік функциясы – зерттеп жатқан жүйені сипаттайтын функциялардың толық жинағы болып табылады.

Теориясы

Операторлардың өздік функциясы мен өздік мәнін табуға арналған теңдеу – кванттық теорияның басты теңдеуі болып табылады. Осы теңдеудің берілген физикалық құбылысқа арналған түрі сол құбылысты жан-жақты толық сипаттайды деп есептеледі. Ал Операторлардың математикалық дәйекті түрі осы оператор анықтайтын жүйе спектріне сәйкес келетін өздік функцияларды өрнектейтін кеңістіктік координатты таңдап алуға байланысты.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub