Омыртқа бағанасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Омыртқа бағанасы (Columna vertebralіs) – адам мен омыртқалы жануарлардың тұлға тірек қаңқасы. Адамда Омыртқа бағанасы бір-бірімен өзара омыртқааралық шеміршектер (дисктер), байламдар және бұлшық еттер арқылы байланысқан 32 – 34 омыртқалардан түзілген. Омыртқа бағанасы денеге тірек болып, тұлға мен бас сүйектің қимыл-қозғалысына қатысып, жұлынды қорғайды. Омыртқа бағанасының пішіні адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Омыртқа бағанасының атқаратын қызметіне байланысты әрбір омыртқаның өзіне тән құрамдық бөлімдері болады. Омыртқа қуыстарының жиынтығынан Омыртқа бағанасының өзегі пайда болады (жұлынды қорғайды); доғада омыртқаның қозғалысы үшін қажетті – өсінділер орналасқан. Буындық өсінділер омыртқааралық буындарды түзеді, көлденең және қанатты өсінділерге бұлшық еттер мен байламдар бекиді, олар омырқаларды қозғалысқа келтіреді. Омыртқа бағанасының түрлі бөлімдерінде омыртқалардың көлемі мен пішіні әр түрлі болады. Ересек адамның Омыртқа бағанасында 7 мойын, 12 кеуде, 5 бел омыртқалары жеке орналасқан, қалғандары бір-бірімен тұтасып сегізкөз (5 сегізкөз отмыртқасы) және құйымшақ сүйектерін (3 – 5 құйымшақ омыртқалары) құрайды. Кеуде омыртқаларына 12 жұп қабырғалар бекиді. Сегізкөз омыртқалары 17 – 25 жас аралығында тұтасып, бір сүйекке – сегізкөзге, ал құйымшақ омыртқалары жоғалып кеткен құйрықтың қалдығы (рудименті) ретінде орта жаста тұтасып, құйымшыққа айналады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том 6 бөлім</ref>

Жануарлардың омырқалары

Омыртқа бағанасы омыртқалы жануарлар филогенезінде төменгі сатыдағы хордалы жануарлар хордасының орнында, жануарлардың тіршілік ету ортасына сәйкес жетіледі. Мысалы, балықтардың Омыртқа бағанасының кеуде (қабырғалар орналасқан) және құйрық бөлімдері ғана ажыратылады. Құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың Омыртқа бағанасы мойын (қағанақтыларда өте қозғалмалы), көкірек (жақсы жетілген қабырғалар болады, олар қосмекенділерден басқаларында төс сүйекпен жалғасып, көкірек қуысын құруға қатысады), бел (қозғалмалы, қабырғалар жойылып, омыртқа денесінің көлденең өсінділерімен біріккен), сегізкөз (омыртқалар бір-бірімен не жамбаспен біріккен) және құйрық бөлімдеріне жіктелген. Құйрық бөлімі қозғалмалы (құйрықсыз қосмекенділер, кейбір сүтқоректілерде – жойылған).

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Омыртқа бағанасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}