Омар мен Тұр күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Омар мен Тұр күмбезіархитектуралық ескерткіш.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Орналасуы

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылынан шығысқа қарай 20 км жерде 1897 жылы жергілікті тастан тұрғызылған. Сәулетшілері – ағайынды Өмір мен Дүйсен Қаражүсіпұлдары.

Ғимараттың құрылысы

Күмбез шаршыланып (6,15х5,70 м) келген, биіктігі 8,21 м. Ескерткіштің жалпы құрылымы цилиндр пішінді мойындыққа қондырылған дулыға іспетті күмбезден құралады. Күмбез және мойындық ескерткіштің ұзына бойлық көлденең білігін ұстап тұратын 4 сәндік элементтер арқылы біріктірілген. Қабырғалары тайыз ойынды қуыстармен нақышталып, үш жағынан сәндік тақта орнатылған. Бұл құрылыс алдыңғы бетіндегі негізгі пештақпен үндестік тапқан. Ескерткіштің іші сыртқы архитектуралық шешімге сай нақышталған. Бетіне қашап ою-өрнек, түрлі суреттер (қару-жарақ, етік, кебіс, кебеже, аққұман, самауыр, тостаған, кесе, дастарқан, т.б.) салынып, әр түсті бояулармен сырланған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті