Нұрлан Салауатұлы Жарасов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант

Нұрлан Салауатұлы Жарасов (3 қараша, 1953 жыл, Алматы қаласында туған) - қазақстандық дирижер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері . Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас дирижері. Қазақ ұлттық консерваториясының доценті.

Жалпы мәліметтер

Әкесі - Жарасов Салауат Абдоллаұлы, марқүм. Анасы - Жарасова Күлбадан Әзімбайқызы, зейнеткер, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы болып жұмыс істеген.

Н.А. Римский-Корсаков атындағы Ленинград мемлекеттік консерваториясының опералық-симфониялық факультетін бітірген (1986), опералық-симфониялық оркестрінің дирижері.

Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.

1975 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры режиссерінің көмекшісі. 1977 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1979 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры дирижерінің ассистенті. 1981 жылдан - Н.А. Римский-Корсаков атындағы Ленинград мемлекеттік консерваториясының студенті. 1984 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің дирижері. 1989 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестр дирижері кафедрасының меңгерушісі.

1997 жылдан бері - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас дирижері.

«Қорқыт» қамқорлық қорының мүшесі.

Марапаттары

Жеке қасиеттері

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның болашағына нық сенімді».

Хоббиі - балық аулау.

Сүйіп оқитын әдебиеті - А.С. Пушкин.

Үйленген. Жұбайы - Көпсадықова Ш.А. (1961 ж.т.), Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының концертмейстері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub