Нияз Мұхаммедұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нияз Мұхаммедұлы – 19 – 20-ғасырларда өмір сүрген белгілі би. Нияздың арғы бабалары Арқа өңірінен Сырға келіп қоныстанған. Олар негізінен Шиелі, Жаңақорған, Жөлек, Перовск маңында мекендеген. Нияздың қонысы Сұлутөбе, Жөлек қорғаны болған. 19-ғасырдың орта кезінде Сыр өңірінде бір жағынан қоқандықтар мен хиуалықтар, екінші жағынан Ресейдің әскерлері Ақмешіт қорғанын алып, Жөлек, Жаңақорған қамалдарын басып алу шараларын кеңінен жүргізді. Осынау қысылшаң шақта Нияз ел амандығын, ел бірлігін сақтауға баса күш жұмсады. 1853 жылы Ресей әскерлерінің әскери жорығына түйе беріп, керуен басы қызметін атқарған. Жаңақорған қорғанын алуға қатысқан. Нияз көбінесе Өткелбай Исаұлымен бірге жүріп, билікке араласқан. 1862 жылы Перовскіден Желөкке дейінгі пошта бекеттерінің жұмысын қадағалау Ниязға жүктелген. 1866 – 70 жылы Перовск ояз бастығының көмекшісі болған. Нияз есімі 1858, 1862, 1865, 1866 жылдардағы Ресей құжаттарында кездеседі. 1862 жылы Ниязды марапаттауға («Георгиевский» лентасы) ұсынса, 1866 жылы 28 көкектегі бір деректе оның пошта бекеттерін басқаратыны және хорунжий шені барлығы жазылған. Ақын Бұдабай Қабылұлы (1842 – 1912) бірнеше өлеңін Ниязға арнаған. Нияздың балалары Сыздық, Абдолла, Бәкір кезінде білікті адамдар болған. Абдолла 1874 жылы Сарышығанақ болысын басқарып, 1895 жылы Сауран болысының биі, құрметті биі атанған. Сарышығанақтағы мектепті қамқорлыққа алған.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нияз Мұхаммедұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}