Өткелбай Исаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өткелбай Исаұлы (18051881) – би. 2 сыныпты орыс мектебін бітірген. Перовск уезі бастығының көмекшісі, уездегі Жаппас руының Жылкелді бөлімінің биі болған. 1857 жылы 14 қыркүйекте Сырдария желісінің басқарушысы ген. Фитингрофтың ұсынысымен зауряд-хорунжий атағына ұсынылған. Жаңақорған мен Түркістанды қоқандықтардан босатудағы еңбегі үшін марапатталған. Өткелбай ел ісіне белсене араласып, халықты отырықшылыққа жұмылдырып, егіншілікті қолға алды. Оның бастамасымен арықтар қазылып, мектептер мен мешіттер салынды. 1880 жылы Перовск уезіндегі қалалық училищені қамқорлыққа алды. Өткелбай жайында Жарылқап, Ораз, Кеншімбай ақындар жырлаған.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

Т. Дайрабай <references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}