Николай Петрович Ли

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Николай Петрович Ли (шын аты-жөні - Ли Дян Сон; 4.2.1915, Ресей, қазіргі Владивосток қаласы - 27.06.1977, Чукоткадағы Провидение бухтасы, Алматы қаласында жерленді) - актер, әнші, Қазақстанның халық артисі (1971). 1939 - 41 ж. Мәскеу консерваториясының қазақ опера студиясында оқыған. 1934 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстандағы Корей музыка драма театрының (қазіргі Республикалық корей музыка комедия театры) актері болды. Ли өзінің актерлік өнерінде комедиялық және сатиралық рольдерге деген табиғи бейімділігін байқатты. Оның ойнаған рольдері қатарында Қодар (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуында"), Асан (М.Әуезовтің "Қарагөзінде"), Әбубәкір (Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың "Беу, қыздар-айында"), Дәулетбай (О.Бодықовтың "Қарақұм трагедиясында"), Жантай (Ш.Айтматовтың "Арманым, Әселімі" бойыншада), т.б. бар. Ол корей халқының әндерін орындаумен көптеген конңерттерге қатысты. Киноға түскен ("Атаманның ақырында" Ли ролі, 1970). Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}