Несіпбек Дәутайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Несіпбек Дәутайұлы - 1947 жылы 30 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Киров атындағы колхозда (қазіргі Кенен ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

19721980 жылдары аудандық «Қордай» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Жамбыл облыстық газетінде меншікті тілші болған. Қазір «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының Бас редакторы. Қазақстан жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры.

Шығармалары

  • «Ақ көгершін»,
  • «Алма ағашының бұтағы»,
  • «Әнім сен едің» атты повестердің,
  • «Құдірет пен Қасірет» романының авторы.
  • «Көгілдір көйлекті келіншек»,
  • «Ойынды еті он бөлек» кітаптары жарық көрген. «Ан Арыс» баспасынан мемлекеттік тапсырыспен ІІ томдық таңдамалысы жарық көрді (20082009).

Таңдаулы көркем шығармаларға арналған республикалық жабық бәйгелердің жүлдегері, Ғ.Мұстафиннің 100 жылдығына байланысты үздік әңгімелерге арналған әдеби бәйгенің бас жеңімпазы. ҚР Ұлттық кітапханасы өткізген «Ең үздік роман» байқауында «Құдірет пен қасірет» романы жүлдеге ие болған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Қазақ әдебиеті» газетінің проза жанры бойынша лауреатві. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі және Астананың 10 жылдығына арналған медальдармен марапатталған. Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің Бас жеңімпазы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}