Неотектоника

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Неотектоника (Үлгі:Lang-el – жаңа және тектоника), жаңа тектоника – кайнозой дәуірінде байқалған тектоникалық процестерді зерттейтін тектоника саласы. Бұл процестер нәтижесінде жер қыртысының құрылысы өзгерістерге ұшырады. Неотектоникалық қозғалыстар қазіргі және жаңа (неотектоника) болып бөлінеді. Адамзаттың қазіргі ұрпағының көзінше немесе тарихи уақыт ішінде байқалатын қозғалыстар – қазіргі, ал антропоген (неоген-антропоген) кезінде болғандары – жаңа қозғалыстар деп аталады. Мысалы, қазіргі деректер бойынша тау жоталары жылына шамамен 1,6 мм жылдамдықпен мүжіледі. Бұл есептеуге жүгінсек, биіктігі 1600 м жотаның тегістелуі үшін 1 млн жыл керек. Осыған қарамай, жер бетінде биік таулар да, терең шұңғымалар да кездеседі. Мұндай таулы бедердің болуы жер бетінің тектоникалық қозғалыстарға байланысты ұдайы көтерілуімен ғана түсіндіріледі.

Неотектониканың Алматыға әсері

Қазіргі Алатау таулары мен Алматы ойпаңы олигоценде деңгейі 150 – 200 м шамасындағы жазық алқап болған. Неогенде басталған тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде Алатау жоталары көтеріліп, ал Алматы ойпаңы төмендей бастаған. Нәтижесінде Алатау 4000 – 5000 м-ге дейін жоғары көтерілсе, Алматы ойпаңының табаны керісінше жер бетінен 3000 м-дей тереңдей түскен. Яғни, бұл жер қыртысының жаңа кезеңде белсенді қозғалысқа түскенін көрсетеді. Неотектоникалық қозғалыстар олигоцен-төрттік кезеңге сәйкес келеді. Бұл кезеңнің ұзақтығы шамамен 25 – 35 млн. жылды қамтиды. Жер бетінің қазіргі келбеті де осы кезде қалыптасқан. Сондай-ақ қазіргі қозғалыстардың геолого-геоморфологиялық белгілері теңіздер мен үлкен көлдер жағалауларында анық байқалады. Тектоникалық процестерді зерттеу үшін Неотектоникада геологиялық, геофизикалық, тектоникалық және геоморфологиялық, тарихи-археологиялық, биогеографиялық тәсілдер қолданылады. Жаңа қозғалыстарды анықтаудың ең қолайлы геоморфологиялық нысаны – өзен аңғарлары. Өзен арнасы тектоникалық қозғалыстарға өте сезімтал. Террасаларды талдау (саны, салыстырмалы биіктіктері, типі) аңғар дамуының геол. тарихын білуге көмектеседі. Жаңа қозғалыстар білінуінің сезімтал индикаторы – гидрографиялық торап құрылысы. Өзен торабы өзгерген жаңа жағдайға бейімделгіш. Көлденең қозғалыстар өзен арналарының иілімденуіне әкеледі.<ref>Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакңией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.</ref>

Неотектоника жайлы еңбектер

Неотектоникалық идеялар мен ғылыми қорытындылар М.В. Ломоносов, Н.А. Головкинский, М.Ж. Жандаев, Г.Ц. Медоев, Л. фон Бух, Х.Штилле, О.Рунеберг, т.б. ғалымдардың еңбектерінде баяндалған. Неотектоник. деректер негізінде 1:5000000 масштабта неотектоникалық қозғалыстар картасы (1979), т.б. карталар жасалынған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Тағы қараңыз:

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Неотектоника|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}