Невропатология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Alexander autopsy.jpg
Невропатология

Невропатология (грек тілінен neuron – талшық, жүйке және патология) – жүйке жүйесі ауруларының себебі мен механизмін анықтау, емдеу және олардан сақтандыру әдістері туралы ғылым. Жүйке жүйелерінің аурулары өте ертеден белгілі. Бұл ауруларды анықтауда Гиппократ,Эрасистрат, Цельс, Гален, Әбу Әли ибн Сина еңбектерінің маңызы зор. Қазақстанда бұл саладағы ғылыми-зерттеулер тұңғыш рет Алматы мемлекеттік медицина институты (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) құрамында жүйке аурулары клиникасы (1935) ашылғаннан кейін қолға алынды. Қазақстанда Невропатология ғылымының негізін қалаған профессорлар:М.Фаризов, Е.М. Стеблев, Б.Атшабаров, А.П. Касаткина, Г.Жанайдарова, В.В. Шидловский, С.Қайшыбаев. Невропатология саласында ауруларды анықтап, оларды емдеу үшін электрэнцефалография, видеомониторинг, компьютерлік магнитті-резонансты томография, ультрадыбысты доплер, т.б. әдістер қолданылады. Невропатология мәселелерімен Дәрігерлер білімін жетілдіру институты, Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы, Еңбек гигиенасы мен кәсіби ауруларды зерттейтін ұлттық ғылыми орталығы, сондай-ақ, Астана, Семей, Қарағанды, Ақтөбе қалаларындағы медициналық академиялар шұғылданады. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Невропатология|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}