Эпидемиология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Эпидемиология” (эпидемия және грек. logos – ілім) – жұқпалы және инвазиялық аурулардың пайда болуы мен таралу заңдылықтары, сол ауруларды жою шаралары туралы ғылым. Эпидемиология екі бөлімінен тұрады: 1) жалпы Эпидемиология – жұқпалы аурулардың заңдылықтары мен олармен күресу, жою және олардың алдын алудағы теорияның, әдістемелік және ұйымдастыру негіздері туралы білімнің жиынтығын қамтиды; 2) жеке Эпидемиология – белгілі бір жұқпалы ауруға тән ерекшеліктерді жан-жақты зерттейді. Эпидемиология микробиология, гигиена, паразитология, иммунология, жұқпалы аурулар клиникасы, т.б. жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты. Жұқпалы ауруларға күрес шаралары тәжірибелерінің қорытындысы ретінде Эпидемиология көне заманнан бері белгілі. Мыс., б.з.б. 1000 ж. Қытайда шешек ауруларына қарсы егу әдісі қолданылған, Үндістанда індетке қарсы санитарлық заң болған. Қазақ жерінде ғұлама ғалым, емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шешек ауруларына қарсы вакцина егуді осыдан 500 жыл бұрын пайдаланған. Ал Шығыс Азия елдерінде алапес ауруларының жұқпалы екенін біліп, ондай науқастарды оқшаулап, арнайы “алапес үйіне” қамаған. Ертедегі Римде өлікті қала ішіне жерлеуге рұқсат етілмеген. Жұқпалы ауруларды тірі қоздырғыштар тудыратыны туралы алғаш рет Гиппократтың еңбектерінде айтылған. Қайта өркендеу дәуірінде жұқпалы аурулар туралы ғыл. негіз қалыптаса бастады. Осы кезде Эпидемиологияның дамуына үлкен үлес қосқан италиялық ғалым Дж. Фракастро (1478 – 1553) болды. Ол ауру тарататын микроорганизмдерді зерттеді. Ағылшын дәрігері Т.Сиденхем (1624 – 89) скарлатина, хорея, подагра, т.б. жұқпалы ауруларына алғаш ғыл. сипаттама берді. Оны “ағылшын Гиппократы” деп атайды. 18 ғ-да орыс дәрігері Д.С. Самойлович (Сущинский) (1744 – 1805) оба індетімен күресу тәжірибесі негізінде Ресейде Эпидемиологияның негізін салды. 19 ғ-дың 2-жартысында микробиологияда ашылған жаңалықтарға байланысты белгілі ғалымдар Л.Пастер, Р.Кох, И.И. Мечников, Д.И. Ивановский, Н.А. Семашко, А.Н. Сысин, К.И. Скрябин, Д.К. Заболотныйдың, т.б. еңбектерінің нәтижесінде көптеген індеттердің микробтары табылды. Қазақстанда 1925 ж. Қызылорда бактериол. лаб. ашылды. 1940 ж. осы лаб-ның негізінде Алматы қаласында Эпидемиология және микробиология ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) ашылып, республикада Э Эпидемиология саласындағы зерттеулер қолға алынды. Сондай-ақ Эпидемиология мәселелерімен Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы, республикадағы мед. ун-ттер мен академиялардың кафедралары сан.-эпидемиол. ст-салар шұғылданады. Жедел өтетін ішек індеттері зерттеліп, оларға, т.б. жұқпалы ауруларға (шешек, күл, скарлатина) қарсы бактериялық препараттар шығарыла бастады, дизентерияның себептері мен эпидемиол. ерекшеліктері анықталды. Эпидемиология саласында көрнекті ғалымдар Х.Ж. Жұматов, И.Қарағұлов, Н.Д. Беклемишов, М.А. Айқымбаев, І.А. Макиров, Н.И. Киреев, Е.Х. Шұратов, Н.Ж. Жайықбаев, т.б. көп еңбек сіңірді. С. Әміреев, І. Құдайбергенұлы<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref><ref>О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Эпидемиология|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}