Неандерталдықтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

НеандерталдықтарБатысеуропалық палеонтроптардыд соңғы бірлестігіне жататын ежелгі адамдар түрі; питекантроптардан кейін, бүгінгі адамдар ұрпағынан бұрынырақ өмір сүрген; мүрделері алғаш рет 1856 жылы Германия жерінен табылған, ТМД елдері территориясында Қырым елдерінде (Киик-Коба) және Өзбекстанда (Тешикташ) табылған.<ref>Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.– Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет.ISBN 5-615-01738-4</ref>.


Саколы адам түрі. Олар бұдан 300 мың жыл шамасында пайда болып, 30 мың жыл бұрын өліп бітті. Неандерталдықтардың мәдениеті дамыды. Олардың жартастардағы сүңғаттары және тас мүсіндері өнердің ғана емес, дін бастамасының да пайда болғанын дәлелдейді. Бұл тіршілік иелері өлген жануарлардың сүйектерін және терісін пайдаланып, күрделі дәстүр - құрбандық шалды. Олар өз жер жастанған тумаластарын жерлеген. Кейбір тайпаларда тек тұрғын маңында қайтыс болғандарды ғана жерлейтін болған. Олар сондай-ақ ірі жануарлардың сүйегі мен терісінен тұрақты тұрғын жайлар салды немесе үңгірлерді пайдаланды. Олар өте жетілдірілген тас құралдарды пайдаланды. Тек тас балталар ғана емес,жебеге арналған тас ұштығтар (неандерталдықтар садақ та ойлап тапты),сондай-ақ тастан инелер де жасады. Оны терінің жұқа қиқымдарын бау өткізген тәрізді баулықтап тігуге пайдаланды. Гарпундарға арналып сүйектен және тастан үштықтар да пайда болды. Неандерталдықтар мұздық дәуірінде Еуропада тірі қалды. Бұл табиғи сұрыпталудың бұрынғы маңызын жоғалта бастағанын дәлелдейді.

Неандерталдықтар өздеріне жасанды орта жасап, мұздықтың басталуына тез және дұрыс көңіл аударды. Адам қоғамының эволюциясына сәйкес эволюцияның биологиялық себептерінін: рөлі кеміп, әлеуметтік мәнінің маңызы арта түсті. Дегенмен неандерталдықтардың кейбір үңгірлерінен каннибализм (бірін-бірі жеу) дәлелдері табылды, алайда бұл сол кездегі қоғамның барлығында болатын белгі емес .

Францияда шамамен 54 жастағы, аяғы бұрыннан зақымданған еркектің жерленген каңқасы табылған. Ол табиғи қалыпта жерленген, яғни өлуге зорлық жасалмаған. Неандерталдықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 30-35 жыл болған. Сол кездегі өлшем бойынша бұл мүрде өте қартайып, өздігінен аң аулай алмайтын, өздігінен тамақ таба алмайтын мүгедек болып өлген. Бұл адамның осыншама жасқа жетуі тайпаның жануарларша емес, адам заңына сай өмір сүргенін дәлелдейді. Демек олар қартты ақыл иесі ретінде сақтаған деуге болады.

Неандерталдықтар төңірегінде талас көп. Антропологтарды «Неандерталдықтар неге өліп бітті?» деген сұрақ ойландырды. Неандерталдық тайпалардың өмірі шамамен бұдан 50 мың жыл бұрын үзілді деп есептелді.<ref>Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Biosci-stub