Нафс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нәпсі– барша тірі табиғатқа ортақ қасиет, тіршілік негізі. Тіршілік иесінің барлығы оның Нәпсі арқылы айқындалады. Нәпсі ассимиляция және диссимиляция процестері арқылы көрінеді, оның үстіне Нәпсінің органикикалық әлемде онтологиялық және әрекеттік, қаракеттік (бейімделу, сақтану, т.б.) сапалық қасиеттері бар. Нәпсінің онтологиялық сипаты табиғи заңдылық ретінде көрінеді, ол – тіршілік иесінің қоректенуі мен ұрпақ қалдыру дәстүрі. Адамның Нәпсісі күрделі, бірақ реттелген, сұрыпталған білімдік, технологиялық негізге түскен, сонымен бірге өзінің табиғи мәнісінен бұрмаланған. Адам Нәпсі тойымсыз, себебі оның табиғатында құмарлық бар. Нәпсіні меңгеру мақсатында әлемде діни саналар қалыптасып, өркениеттік тәрбие жүйесі Нәпсіні ауыздықтауға бағытталған. Сопылық дүниетанымдағы тәубе, қанағат, шүкіршілік ұғымдары Нәпсімен үндес. Өзінің Нәпсісін меңгерген адамдарды – тақуалар деп атаған. Бірақ тақуалық жол ауыр, оған әркімнің қуаты жетпейді. Сопылықтың шариат, тариқат деген сатылары Нәпсіні меңгеруге негізделген, себебі Нәпсі – адамның жалған ғұмырындағы қуаты, болмысы. Саясат саласында Нәпсі харизма арқылы көрінеді, оның асқынған түрлері диктаторлық, т.б. секілді мемлекеттің анайы формаларында көрініс табады. Нәпсіні жырға қоспаған ақын, оны бейнелемеген суретші өте аз болар. Бұл тақырып бүгінгі өркениеттік үрдісте кеңінен өріс алған. Нәпсі болмысын рухтандыру, Нәпсіні “бұқаралық мәдениетке” айналдырмау, Нәпсіні меңгеру – өркениеттік сананың басты арнасы. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Нәпсінің түрлері

Нафсул 'аммара - бұйырушы нафсы немесе пенделік жан, бұл тәнді қанағаттандыруға, әрдайым төменгі дәрежедегі шахуаттарға итермелейтін, рухты ақиқаттан алыс, қалың перделермен тұмшалан, оның ішкі басиретін өшіретін күштің көзі.

Нафс-ул лаууама - бұл нафс жасаған жамандықтарын сезінетін, ғафлетте екендігіне өкінетін, әрдайым өзін-өзі сынайтын, қалбтің нұрынан хабар ала бастаған рух. Жамандыкты жаман екендігін біле тұрса да әрі қарай жалғастыруда. Бұған іштей өкініш білдіреді.

Нафс-ул мулхима - бұл нафс жақсы мен жаманды ажырату қабілетіне ие, шабытқа бөленген жан. Аллаһтың көмегі арқасында одан басқа нәрселерден алыстап, құдайлық шабыттарды ала бастайды.

Нафс-ул мутма'инна - қалбтің нұрымен сомдалып, жаман мінез, әдеттерден арылып, көркем ахлақ несіне айналған рух, тыныштанған жан. Толық иман дәрежесіне ие.

Нафс-ур радиййа - бұл халдегі рух өз қалауымен емес, тек қана Аллаһтың қалауын басты нысан ретінде таниды. Риза мақамына ұласқан, нәпсіден толық арылған, кемелдіктің фана (Тәңірде еру, Онда «жоқ» болу) мақамына қарай беттеген рух, қанағаттанған жан. Хаққ ал йақин мәртебесіне жеткен адам.

Нафс-ул мардиййа - өз-өзіне разы болған рух, түсініскен жан. Терең ойлы, рақымды, жомарт, адамды тек Аллаһ үшін сүйетін, өзін-өзі меңгерген, Аллаһтың құтына қауышқан, рухани шабыты арқылы Оның сипаттарын танып, көре алатын адам.

Нафс-ул камила - кемелдікке жеткен, басқаларды да кемелдікке жеткізе алатын адамның рухы. <ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub