Нармонданақ мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Нармонданақ мұнай кен орны - Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуі өңіріндегі мұнай кен орны. 1935 жылы ашылған.

Географиялық орны

Атырау облысында, Доссор станциясының оңтүстік-шығысында 70 км жерде орналасқан.

Геологиялық құрылымы

Тектоникалық тұрғыдан алғанда кен орын үш қанатты тұзкүмбезді құрылымнан орын алған. Төменгі бордың аптнеоком жікқабаттарын қамитын қатпардың оңтүстік қанатында мұнайлы горизонт айқындалды.

Жатыс сипаты

Жатыс тереңдіктері 191-346 м, биіктігі 17-27 м. Су-мұнай жапсары -227, -397 м-лік белгілерде. Жатын қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Өнімді қатқабат терригендік таужыныстардан құрылған, жинауыштары кеуекті.

Қанығу сипаты

Мұнайға қаныққан қалыңдығы 8,2 м, газга қаныққан қалыңдығы 6,3 м, жинауыштардың ашық кеуектілігі 30%, жатынының өтімділігі 0,- 265 мкм2. Мұнайға, газға қанығу коэффициенттері 0,8. Мұнайы аз күкіртті (0,36%), аз парафинді (0,51 г/см3). Жатындардың жұмыс режимі суарынды. Хлоркальцийлі қойнауқат суының тығыздығы 1106 кг/м3, минералдылығы 142 г/л. Кен орын 1943 жылдан игерілуде. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нармонданақ мұнай кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}