Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев (18 тамыз 1946 жылы туған, Төле би ауылы, Шу ауданы, Жамбыл облысы) – ғалым, тарих ғылымының докторы (1994), профессор (1995), белгілі алаштанушы.
- Бішкектегі Қырғыз мемлекеттік университетін бітірген (1968).
- 1971 – 2002 жылы ҚазҰУ-де, Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтында, ғылыми-педогогикалық жұмыстармен айналысты.
- 2002 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының Тарих және этнология институтының директоры.
20 ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметін зерттеумен шұғылданады. Тарих ғылымында Алаш қозғалысы тарихына жаңа көзқарас қалыптастырды. Сондай-ақ орта ғасырдағы қазақ ғұламасы, тарихшы Қадырғали Қосымұлының “Жылнамалар жинағы” ортағасырлық тарихи жазба дәстүрі негізінде өмірге келген құнды еңбек екендігін ғыл. тұрғыда негіздеді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Отбасы
Жұбайы – Сәуле Жүсіпқызы. Үш ұлы бар.
Шығармалары
- "Движение Алаш" (2008)
- "Жетысу-Иссыккульская трагедия" (2008)
- "Байзак Мамбетулы и его современники" (2009)
- "Сталинизм и репрессии в Казахстане. 1920-1940 жж." (2009)
- Главное историческое событие XX века: (К 73-й годовщине Великой Октябрьской революции) / М. Койгелдиев ; Алма-Ата: О-во "Знание" КазССР, 1990. - 18 с.
- Сборник летописей Кадыргали би Косумулы / Р. Сыздыкова, М. Койгелдиев. - Алма-Ата: Каз. ун-т, 1991. - 269, 2 стр.