Мәкрүһ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәкрүһ - сөздікте жағымсыз, ұнамсыз, жек көрілген нәрсеге айтылады. Діни терминге салсақ, дін тұрғысынан ұнамсыз, жаман іс-әрекет. Дәрет пен ғұсыл алғанда суды ысырап ету секілді іс-әрекеттер осы мәкрүһке жатады. Мәкрүһ екіге бөлінеді: Харамға жақын мәкрүһ (Тахримән мәкрүһ). Дәрет алғанда суды ысырап ету, т.б. Халалға жақын мәкрүһ (Тәнзиһән мәкрүһ). Мұрынды оң қолмен шаю, т.б. Мәкрүһтің үкіміне келсек, мәкрүһті істемеген жағдайда, сауап. Жасалса, ол адам ақыретте азапқа ұшырауы ықтимал. Бұл - Имам Ағзам мен Әбу Юсуптың көзқарасы. Имам Мұхаммед: «Харамға жақын мәкрүһ дәл харам секілді қабыл етіліп, ақыретте азапқа лайық», - дейді. Халалға жақын мәкрүһке келсек, жасалуында ақыретте азап жоқ. Бірақ жасамаса, сауап. Мәкрүһті халал санау - қателік. Бірақ адам діннен шықпайды.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Islam-stub