Халал

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Халал (Үлгі:Lang-arҮлгі:IPA — рұқсат етілген) — Исләмде рұксат етілген заттар мен әрекеттер.

  1. ) рұқсат етілген әрекет, пайдалануға тыйым салынбаған тағам, зат. Рұқсат етілген әрекеттердің белгілі бір шегін мандуб, мубах сияқты категориялармен бірге анықтайтын Халал мәселесін фикһ ілімінде таратып баяндайды. Мәселен, сойылған мал етінің Халал болуының шарты бойынша қасапшының дәреті болуы, бауыздағанда “Бісмиллаһи Аллаһуакбар” дұғасының айтылуы, бездерінің сылынуы, т.б. керек.
  2. ) Некелесуге тыйым салынбаған ер немесе әйел адам.
  3. ) Қажылық парызын атқарып қайтқан, шашын қырғызып, күнделікті киімін киіп, әдеттегі тіршілігін атқаруға даяр адамның күйі.

Қарама-қарсы ұғымды сөз: харам<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>.

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Islam-stub

zh:清真#符合“清真”的食物