Мәйітхана

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәйітхана, морг (французша morgue)<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref> — ауруханалардың, сот-медициналық мекемелердің жанындағы арнаулы орын. Бұл жерге өлген адам денелері қабылданып, сақталады; қайтыс болу себебін анықтау үшін, мәйітті сойып көреді. Белгісіз мүрделер танылған жағдайда, арнаулы құжаттар арқылы тіркеп, жақын-туыстарына қайтарылады. Мәйітханада мүрделер денесі ыдырап бұзылмас үшін, ауасы салқын, суық жерлерде сақталады. Кейінгі кезде үлкен Мәйітханаларда мәйіттерді арнаулы 2 — 3 қатардан тұратын ұяшықтар, сейфтер арқылы үлкен қатырғыштарда сақтайды. Мәйітханада өлген адам денесін жуатын, бальзам жағатын, киіндіретін, өлген кісімен қоштасу дәстүрлерін жасайтын қосымша арнаулы орындары (бөлімшелері) болады. Мәйітханаларда медицина оқу орындарының студенттеріне арналған және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті секция залдар, гистология, химия, бактериология лабораториялар ұйымдастырылады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мәйітхана|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}