Мұхамеджан Шолтырұлы Бекмұхамбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхамеджан Шолтырұлы Бекмұхамбетов<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>, Мақаш правитель (1830, Бөкей ордасы – 1904, сонда) – қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым. Алғаш Жәңгір мектебінде сауат ашқан соң, 18441851 ж. Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқып, кіші зауряд-жүзбасы шенін алып шығады. 1852 жылдың басында 4 айдай шекара комиссияында қызмет атқарады. Одан соң Бөкей ордасын басқаратын Уақытша кеңестің Нарын құмындағы ордасында тілмаш, Каспий жағалауы 1-, 2-округтерде әкім қызметін атқарды. 1881 ж. шілдеде Ішкі орда қазақтары депутациясымен патшаға барған 4 қазақтың бірі. 18921997 ж. Уақытша Кеңестің кеңесшісі болды. Бекмұхамбетов ел аузындағы көптеген ауыз әдебиетінің мұраларын қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа қалдырды. Олар Санкт-Петербургтегі М.Е.Салтыков-Щедрин атынд. көпшілік кітапханада, Ресей ҒА Шығыстану ин-тының проф. И.Н.Березин қорында сақтаулы. Халық арасында «Мақаш правитель» атанған ол мерзімді баспасөзде түрлі тақырыпта мақалалар жариялап тұрды. «Жақсы үгіт» (Қазан, 1908), «Книга о калмыках и киргизах, кочующих в Астраханской губерний» (Астрахан, 1910) атты кітаптары жарық көрді. Бекмұхамбетовтен «Мақаштың Байжұмасы», «Көк жорға», т.б. күйлер қалды. Құрманғазы, Жантұрған шешен, Уақытша Кеңестің кеңесшісі Д.Қосуақовпен жақын байланыста болды, ел ішінде мектеп ашуға белсене араласты.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер</span>

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}