Жақсы үгіт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жақсы үгіт - қазақ ауыз әдебиеті шығармаларының жинағы. 1908 жылы Қазанда басылған. Ел аузынан жиап, бастырушы - Ішкі Орда зиялысы - Мақаш Бекмұхаммедұлы. Көлемі - 24 бет.

  • "Күйеу таңдаған қыз" (құрастырушы атымен берілген)
  • "Есек пен бұлбұл" сияқты халық әдебиетінің үлгілері енген.
  • Сонымен бірге Шекті Мөңке би, Шеркеш Түрке би, Тана, Нүрке билердің шешендік сөздері де бар.
  • Суырып салма ақындар поэзиясынан: "Шалкиіз жыраудың Темірханға", "Жиембет жыраудың Есімханға", "Беріш Есет жыраудың қартайған шағында айтқаны", "Азаұлы ер Доспамбет ағаның жапанда өлейін деп жатып айтқаны",- дейтін жырлары бар.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998