Мұсаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұсаұлы Жағыпар (1928, бұрынғы Көкшетау облысы Айыртау ауданы Мәдениет ауылы– 2005, Көкшетау қаласы) – ғалым, филология ғылымдарының кандидаты (1970), доцент (1972). ҚазКСР халыққа білім беру ісінің үздігі (1978). Абай атындағы ҚазҰПУ-ды бітірген. 1954 – 59 жылдары Петропавл мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институтында оқытушы болып жұмыс істеді. 1959 – 61 жылдары Петропавл телестудиясының журналисі, 1961 – 62 жылдары «Көкшетау правдасы» газетінің қызметкері, 1962 – 82 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, декан, сырттай оқу бөлімінің проректоры қызметтерін атқарған. Мұсаұлы 80-нен аса ғылыми-әдістемелік мақалалар жариялаған. Қазақ тілтану, түркология, ономастика, қазақ жазуының тарихы мәселелерін зерттеген. «Құрмет белгісі» орденімен, «Тың жерлерді игеруге қатысқаны үшін», «Еңбек ардагері», «Жеңіске 60-жыл» медальдарымен марапатталған.

Дереккөздер</span>

«Ақмола облысы» энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұсаұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}