Ономастика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ономастика (грек onomastіke – ат беру өнері) – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Жалқы есімдерге кісі, жануарлар аттары, халық, ұлт, ру-тайпа атаулары, жер-су, аспан денелері жатады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Салалары

Ономастика атаулардың шығу, қалыптасу жайын тексереді. Ол зерттеу нысанына қарай топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика секілді түрлерге бөлінеді. Топонимика географиялық атауларды зерттесе, антропонимика кісінің аты-жөнін, тегін, лақап, бүркеншік есімдерін қарастырады.

Мысалдар

Қазақ тіліндегі әйел есімдері гүл, күн, ай, сұлулық, асыл тастармен байланысты болса, ерлер есімі батыр, бек, би, құл, мырза, хан сөздерімен, сан есімдермен бірлікте келуімен ерекшеленеді. Араб, парсы тілдерінен енген есімдер де (Жамал – сұлу, Абдолла – құдайдың құлы, Нәзипа – таза, пәк) кездеседі. Этнонимика ел, ру аттарын, астронимика (космонимика) аспан әлемі, жұлдыз, планета атауларын, зоонимика жануар, фитонимика өсімдік, теонимика құдай аттарын, рухтар мен мифтік түсініктерге байланысты атауларды тексереді.<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3</ref>

Ономастика халықтың этнографиясымен тығыз байланыста қаралып, басқа халықтармен жүргізген тарихи, мәдени қарым-қатынастың сыр-сипатын танытады. Ономастика қазақ тілінде ғылым ретінде соңғы 20 жыл ішінде дами бастады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}