Кіші Берел мұздығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кіші Бергіел, Кіші Берел – Алтайдағы Қатын жотасының оңтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Бұқтырма алабындағы Ақбұлақ өзенінің бастауында; 3830 м биіктіктен басталады, қарлы жиегі 2810 м-ден өтеді.
Аумағы
Ұзындығы 8,3 км. Жалпы аумағы 6,5 км2, көлемі 0,37 км3. Орташа қалыңдығы 80 м. Мұздық жылдан-жылға қысқаруда.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>