Мүтәліп Қыраубаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мүтәліп Қыраубаев (1921, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы – 23.12.1987) – айтыскер ақын. 1942 ж. Қызылорда педагогика институтында оқып жүріп, майданға аттанған. 1943 ж. ұжымшар шаруашылығының әр-түрлі саласында бригадир, директордың орынбасары, ұжымшар төрағасы, инженер-технолог қызметтерін атқарған. Ол 1979 ж. облыстық ақындар айтысында бірінші, 1980 ж. республика айтыста үшінші орын алған. «Шаһнама», «Кеншімбай мен Ақсұлу», «Мансұр мен Дәме қыз» айтыстарын, «Сұрмерген», Нартай, Тұрмағамбет, т.б. ақындардың көптеген жыр-дастандарын жатқа айтып, жыршылық-жыраулық дәстүрді дамытқан. Қыраубаевтың «Өмір туралы», «Балаларға», «Сақтанғанның майданнан хаты», т.б. туындылары «Жыр шашу» (1982), «Өсиет» (1989) кітаптарында жарияланған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мүтәліп Қыраубаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}