Мырқасым Серікбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мырқасым Серікбаев (20. 8. 1897, Жетісу облысы, Верный уезі, Жалаңаш с.,–5. 7. 1967, Алматы) – Жетісу өңірінде Кеңес өкіметі орнатуға қатысқан Азамат соғысы ардагерлердің бірі. 1924 жылдан КОКП мүшесі. Пржевальскіде (Қарақол) мектепте, қалалық уч-щеде (1910–16) оқыған. Жетісу обл-нда Кеңес өкіметі орнасымен қоғамдық жұмыстарға араласа бастады. 1919–20 ж. С. Өз еркімен Қызыл гвардияшылар қатарына алынып, 1-мұсылман батальонында барлаушылар отрядын басқарып, Жаркент уезін ақ гвардияшыл полк. Сидоровтың бандысынан тазартуға қатысты. 1920 жылдың көктемінде Шелек болыстық ревкомының төрағасы, Қалжат шекаралық милициясының бастығы. 1921–29 ж. Жетісуда халықсоты, уездік прокурор. 1929–32 ж. Алматы облысы колхоз одағының тұңғыш председателі. С. – колхозшылардың Бүкіл Қазақстандық 1, 2-съездерінің, Советтердің Бүкіл Қазақстандық 5-съезінің делегаты. С. Ұзақ жылдар бойы Қазақстанның орман-тоғай шаруашылығы басқармасында жауапты қызметтер атқарды.<ref>Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер