Жаркент уезі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жаркент уезіЖетісу және Сырдария облыстарын басқару жөніндегі патша үкіметінің "Уақытша ережесі" бойынша Жетісу облысында 1891 ж. құрылған әкімшілік бөлік. Уезде алғашқы кезде 11 болыс, ал 1910 ж. 17 болыс болды. Жер аумағы 332 832 десятина. Халқы 157 210 адам, оның 25 231-і қалада, 131979 адамы ауылдық жерлерде тұрды. Уезд бойынша орыстар 8,5%, қазақтар 57,3%, ұйғырлар 26,3%, баска ұлттар 7,9% болған. 1918 ж. Казақстанда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, Жаркент уезі таратылып, Жетісу облысына қосылды.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub