Морттылық, соғылғыштық, серпімділік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Минералдардың морттылығы, созылғыштығы (тапталғыштығы), серпімділігі деген қасиеттері де олардың қаттылығымен тығыз байланысты.

Бұл қасиеттердің минералдарды бір-бірінен ажыратудағы маңызы онша емес. Алайда кейбір минералға тән әрі қажетті қасиеттер.

Минералдың бетін пышақтың ұшымен сызғанда оның үгітілуін морттылық деп атайды. Мысалы, құлпы руда және халькозин деген бір-біріне ұқсас екі түрлі мысты минерал бар. Мұның біріншісі—өте морт сынғыш минерал, сондықтан оны пышақпен сызғанда, оның бетіне күңгірт сызық түсіп, ал сызықтың айнала шегінде үгілген қара ұнтақ пайда болады. Халькозинды пышақпен сызғанда оның сызығы жылтырап тұрады, ешқандай ұнтақ пайда болмайды, демек, бұл тапталғыш минерал болғаны.

Тапталғыш қасиет көптеген металдарда болады. Мысалы, алтын, күміс, мыс, темір сияқты металдар өте майысқақ әрі тапталғыш келеді. Сонымен, кристалдық решеткасы әлсіздеу құрылған кейбір минералдар майысқақ, тапталғыш келеді. Олардың тапгалғыштық қасиеті кристалл қабаттарының белгілі бір жазықтар бойынша жылжуына байланысты. Аc тұзының жылжуы, кальцит сияқты минералдардың механикалық жолмен қоспақталуы осы тапталғыш қасиетке жатады.

Минералдардың деформациясы, яғни олардын, формаларын өзгерту қасиеті негізінде екі түрлі болады. Оның бірі — жоғарыда айтылған тапталғыштық . Мұнда деформация қайта орнына бармайтын қалдық деформацияға ұшырайды, яғни сыртқы қысымның әсерінен заттын, формасы өзгереді. Мысалы, бұлар қолмен илеген балшық сияқты.

Деформацияның екінші түрі — серпімді деформация немесе қайтымды деформация. Мұнда заттың формасын өзгертуші күшті тоқтатқанда зат бастапқы орнына қайта барады. Мысалға, болатты алуға болады. Минералдардың ішінде серпімділік қасиеті барлары слюдалар (кальцийсіздері), хлориттар, асбестер. Қысқасын айтқанда, көбінесе құрылысы тақталы решеткалы минералдар серпімді келеді. Серпімділік қасиет, әрине, басқа минералдарда да болады, бірақ олардың болымсыздығы сонша, мұндай минералдар көбінесе пайдаға аса қоймайды.<ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}